- Негізгі бет
- Психология
- Жігіт сыны ...
Жігіт сыны
Қыздар қауымы жігіттердің келбет-кескіні мен бойы-ойы туралы қандай пікірде екен? Олар қандай жігіттерді жақсы көреді екен? Назар аударыңыз.
Қыздың жігіттерге қоятын кескін-келбет сыны: еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қапсағай денелі, бура санды, кең жауырынды, от ауызды, орақ тілді, темірдей саусақты, жау жүректі, сергек ойлы, ширақ қимылды, кескін сөзді, кесек бітімді, қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, көк бөрідей қайсар, қабыландай сұсты, бұландай сүйекті, нардай төзімді, ар алдында ақ, сауысқандай сақ, іскер.
Мұндай қасиеттері бар жігіттерді «жігіттің сұңқары, жігіттің сұлтаны, жігіттің қыраны, жігіттің арыстаны, жігіттің қабыланы, жігіттің сарасы, жігіттің нары, жігіттің жампозы» деп мақтайды екен.
Жігіттің жан-дүниесі жайлы: көсем жігіт, шешен жігіт, батыр жігіт, сері жігіт, ақылды жігіт, ісмер жігіт, жалқау жігіт.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: voxpopuli.kz
M. Auelkhan