Осы күнде жігіт пен қыздың ара қатынасы туралы әңгімелер актуалды болып тұр. Осы орайда назарыңызға осы тақырыпқа қатысты кейбір қызықты фактілерді ұсынамыз.
Көп жағдайда жұптың ара қатынасы алты ай өткен соң бұзыла бастайды екен.
Танысу сайттарындағы әрбір оныншы анкета алаяқтардың қолымен жасалған.
Онлайн танысу индустриясы жылына
1,8 миллиард доллар қаржыны айналдырып отырады. Жұмыс орнындағы жақын таныстықтың 40 пайызы жаңа отбасының құрылуына алып келеді. Жігіттердің 40 пайызы алғашқы кездесуде өз өзіне сенімсіз болады. Зерттеулердің нәтижесі бойынша таныстыққа ең ыңғайлы жерлер - оқу орындары, кафелер, сауда орталықтары екен. Ал ресторандар мен кинотеатрларларда жаңа қарым-қатынастар сирек орнайды.
Қыздың есінде барынша жақсы қалу үшін сұхбат кезінде кем дегенде екі рет атын атаған дұрыс. Жігіт қызға алғаш жақындағанда қыздың назарының 55 пайызы оның сырт пішініне, 38 пайызы сөйлеу мәнеріне ауады. Ал сөзінің мағынасына бар-жоғы 7 пайыз дәрежесінде мән беріледі. Қыздың сізге деген қызығушылығының жоқтығын іс-қимылына қарап анықтауға болады. Әдетте бұндай жағдайда ол сізге көзімен назар салмай, сағатына жиі қарайлап, сұрақтарыңызға анық жауап қатпайды. Кейбір мамандардың айтуынша, алғашқы кездесуден соң "жартыңызға" бірден телефон шалып хабарласудың қажеті жоқ. Кем дегенде 2-3 күн күткен дұрыс болады. Қыздың екінші рет қоңырау шалғаннан кейін де тұтқаны көтермеуі - сізге деген қызығушылығының жоқтығының белгісі. Жастардың 48 пайызы интернетте танысады.
сурет: agebox.ru