- Негізгі бет
- Психология
- Жігіт пен қыздың...
Жігіт пен қыздың қарым-қатынасына байланысты қызықты фактілер
Осы күнде жігіт пен қыздың ара қатынасы туралы әңгімелер актуалды болып тұр. Осы орайда назарыңызға осы тақырыпқа қатысты кейбір қызықты фактілерді ұсынамыз.
- Көп жағдайда жұптың ара қатынасы алты ай өткен соң бұзыла бастайды екен.
- Танысу сайттарындағы әрбір оныншы анкета алаяқтардың қолымен жасалған.
- Онлайн танысу индустриясы жылына 1,8 миллиард доллар қаржыны айналдырып отырады.
- Жұмыс орнындағы жақын таныстықтың 40 пайызы жаңа отбасының құрылуына алып келеді.
- Жігіттердің 40 пайызы алғашқы кездесуде өз өзіне сенімсіз болады.
- Зерттеулердің нәтижесі бойынша таныстыққа ең ыңғайлы жерлер - оқу орындары, кафелер, сауда орталықтары екен. Ал ресторандар мен кинотеатрларларда жаңа қарым-қатынастар сирек орнайды.
- Қыздың есінде барынша жақсы қалу үшін сұхбат кезінде кем дегенде екі рет атын атаған дұрыс.
- Жігіт қызға алғаш жақындағанда қыздың назарының 55 пайызы оның сырт пішініне, 38 пайызы сөйлеу мәнеріне ауады. Ал сөзінің мағынасына бар-жоғы 7 пайыз дәрежесінде мән беріледі.
- Қыздың сізге деген қызығушылығының жоқтығын іс-қимылына қарап анықтауға болады. Әдетте бұндай жағдайда ол сізге көзімен назар салмай, сағатына жиі қарайлап, сұрақтарыңызға анық жауап қатпайды.
- Кейбір мамандардың айтуынша, алғашқы кездесуден соң "жартыңызға" бірден телефон шалып хабарласудың қажеті жоқ. Кем дегенде 2-3 күн күткен дұрыс болады.
- Қыздың екінші рет қоңырау шалғаннан кейін де тұтқаны көтермеуі - сізге деген қызығушылығының жоқтығының белгісі.
- Жастардың 48 пайызы интернетте танысады.
сурет: agebox.ru