- Негізгі бет
- Психология
- Жігіт мінезі мен...
Жігіт мінезі мен мойынорағыш
ХХІ ғасырда сәнді киінуді қыздар да, жігіттер де жақсы көреді. Әсіресе, жігіттер қауымы қыздардың жүрегін жаулау үшін сәнді аксессуарлар тағып, өзгелерден ерекшелене түсуді қалайды. Ал сіз жігітіңіздің қалай киінетініне мән беріп көрдіңіз бе? Олардың да кездесу алдында ұзақ дайындалатынын білесіз бе? Олай болса, сізге айтар жақсы жаңалығымыз бар. Психолог мамандардың айтуынша, жігіттің мойынорағышты қалай тағатынына қарап денсаулығын, мінезін, темпераментін анықтауға болады. Сол себепті, оның мойынорағышын қалай тағатынына мұқият мән беріңіз.
Мойынорағыштың екі ұшы кеудеде тұрса
Бұл жігіттер барлық істе тәртіпті ұнатады. Өкінішке орай, қыс мезігілінде суық тигізіп, көп ауырады. Байқасаңыз, мойынорағышты сот қорғаушылары, бизнесмендер, үлкен компаниялардың қызметкерлері дәл осы әдіспен тағады.
Мойынорағыштың екі ұшы арқада жатса
Әдетте, бұл жігіттер шылым тартады. Жас кезінде бауыр, асқазан, ал қартайған шағында радикулит ауруынан азап шегеді. Кез келген істі соңына дейін жеткізеді. Ұқыптылық пен адалдықты аса қадірлейді.
Егер мойынорағыш мойынның айналасына оралып тағылса
Бұл жігіттер нағыз романтиктер. Ыстық махаббатқа толы сезімдердің шырмауында жүргенді жақсы көреді. Бұнымен қатар, ас үйде тамақ пісіруді ұнатады. Ауа райының күрт өзгеруі салдарынан болатын бас және өкпе ауруларына жиі шалдығады.
Мойынорағыштың бір ұшы кеудеде, екінші ұшы арқада орналасса
Бұл жандар шығармашылықтың адамдары. Ғашық болса, сүйіктісіне қолы жетпей тынбайды. Қайтпас қайсар. Бойында кешегі өткен сал-серілердің ерекше мінезі бар. Мүлдем ауырмайды десек те болады.
Ал сіздің жігітіңіз мойынорағышты қалай тағады?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: freepik.com
Қ. Бүйенбай