Ер мен әйел – бір-біріне бағынышты жаратылыс. Бір жігіт "Есті әйел қандай қылықтар көрсетпеуі керек?" деген сұраққа былай жауап беріпті. Зейін қойып, оқып шығайық.
1. Ол ер адамына жұрттың көзінше айғайлап сөйлемейді.
2. Ер адамын ұрып, итеріп, нұқып қалудан аулақ болады.
3. Оған: "Мен шешемін, менің айтқаным болады, сен не білесің?!" деп ешқашан айтпайды.
4. Өзі ұната бермейтін досын көргенде қабағын шытпайды.
5. Дос балаларымен, дос қыздарымен араласуына, сөйлесуіне тыйым салмайды.
6. Ер адамын кемсітіп, төмендетпейді, кемшілігін бетіне баспайды.
7. Ер адамына "ақымақ" деп айтпайды, қателік жіберген кезінде жігітін қолдаусыз қалдырмайды.
8. "Сені менен басқа кім жақсы көреді?", "Мен істеп жатырмын" деген секілді өзін жоғары қойып, еркектің мысын басатын сөздерді қолданбайды.
9. Ер адамын сынау үшін оған жасырын нөмірден қоңырау шалу, басқа атпен хат жазу секілді т.б. өрескел әрекеттерге бармайды.
10. "Күні бойы менімен бірге болуға міндеттісің!" деген талап қоймайды. Кез келген адамға өз қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік беру керек.