Жігіт – ең аңқау жаратылыс

Қай жағынан алып қарасаңыз да, бұл – шындық. Себебі ер адам өзіне сенімді өмір сүреді. Бірақ ол ешқашан осы сенімнің тек өзіне ғана екенін аңғарамай өтеді. Яғни әйел адамның қыр-сырын меңгере алмайды. Бұл оның о бастан сақталған жаратылысы.

Жігіттің аңқаулығын байқау қиын емес. Оған бірнеше себеп бар:

– Өзіне сенімділік. Жігіттің көзін шел басып, өзінен басқа адамды байқамайды.

– Әйел затын басқарамын деген түсінікпен күн кешеді. Бірақ  әйел затына бағынышты екенін сезбейді. Бұл оның аңқаулығы.

– Қыздың маңдайынан шертіп отырып таңдаймын деген түсінік те жігіттің әлсіздігі. Себебі жігіт ешқашан қыз баласын таңдамайды. Жігітті таңдайтын және оны өзіне ұстап қалатын қыз баласы. Бұл кейін пайда болған түсінік емес, бағзы заманнан бар.

– Жігіт алдай аламын деп ойлайды. Айналып келгенде ол ешқашан өтірік айта алмайды. Тіпті алдап тұрған күннің өзінде не ісінен, не сөзінен, не көзінен бәрі көрініп тұрады.

Жігіттер табиғатынан мықты, сабырлы әрі күшті болып жаратылған күннің өзінде оның да әлсіз жері бар. Бірақ аңқау жігіттің бәрі құрыққа түсіп қалады деген сөз емес.