Жігіт SMS жазса...

Жігіт SMS жазса...

Жігіттен келген хабарламаларды түсінбей қалған сәттеріңіз жиі бола ма? Олар жазатын смс-тердің ең жиі кездесетін түрлерін талқылап, сырын ашып көрелік.

"Сәлем! Қалайсың?"

Бірден кездесуге шақыруға батылы жетпеген жігіт әңгімені алыстан бастауды жөн көреді. Осылайша ол сіздің бос екендігіңізді, кешкіге жоспарларыңызды тексеріп, орынсыз "Жоқ"-тан өзін сақтағысы келеді. Қысқасы "Сәлем! Қалайсың?" деп жазған кез келген жігіттің сізге деген қызығушылығы бар екендігін біліңіз.

"Кездесу қалай өтті?"

Жігітке жұмыс бабымен маңызды кездесуіңіз болатындығын айттыңыз делік. Егер ол сол кездесу жайлы сұрастырып хабарлама жазса, демек ол сіз жайлы күні бойы ойлап жүрді.

"Қолым бос емес. Кейін көрісерміз."

Шынымен көрісуді қалайтын жігіт еш уақытта дәл осылай жазбайды. Тағдыр ағынымен бұл жігітпен қайта кезіксеңіз, қарым-қатынас тізгіні соның қолында болатындығын білгеніңіз жөн.

Смайл

Күлкілі смайл – жақсы белгі. Бұл жігіт кем дегенде сіздің жымиғаныңызды қалайды.  

Ал сіз жігіттің қандай хабарламаларын түсінбейсіз?

Дайындаған: Сания Аринова

С. А