- Негізгі бет
- Психология
- Жеткілікті ақылды, сұлу,...
Жеткілікті ақылды, сұлу, беделді адам болмау қорқынышы қайдан туады?
Қорқыныш — өз-өзі уайымнан пайда болады. Кейде бұл ішкі сезім, ойлар ағымының тым көп болуынан туындайтын психологиялық жағдай.
Әдетте ойлар адамға түрлі эмоция сыйлайды:
— мазасыздық
— апатия немесе күйзеліс
— уайым
Мұндай кезде адамда қуану, жан тыныштығын сезу, өз-өзіне сенімділік болмайды. Сыртқы факторлардың әсері аз болады.
Адамдағы маңызды нәрсе — қуат.
Оны қолданып білу де рөл ойнайды. Харизма дегеніміз адамның ішкі энергиясы. Оны өзгелермен қалай бөліседі, энергияны қарым-қатынас жасауда қалай қолданады, ортақ әңгіме таба білу, жаңа ортаға сіңу сынды қасиеттерде осы энергияны жұмсау арқылы байқалады. Бұның бәрі қолыңыздан келсе адамның өзгелерге ақылсыз, ұсқынсыз көрінуі мүмкін емес. Бұл жағдайда адамның ішкі әсері мен өз-өзіне баға беруге мән беру керек.
Ішкі энергияны қалай толықтыруға болады?
Жаңа нәрсені үйрену. Бұл белгілі бір дағдыны меңгеру үшін емес, адамның өзін тануы үшін керек. Таным көкжиегін жетілдіре отырып, кез келген ортада адамдармен оңай тіл табысуға мүмкіндік береді. Адам өзгемен ашылып әңгіме айтып, ортақ тіл тапқан кезде ақылы, түр-әлпеті жайлы ой екінші орынға кетеді. Өзгеге керісінші тартымды бола бастайды.
Өз тәнін қабылдау. Денені әрдайым бос ұстау керек. Сонда да ішкі батылдықты, концентрациясы сақтап қалу маңызды. Спортпен шұғылдану. Денеңіздегі өзгеріс қатты байқалмаса да, спорт адамға сенім сыйлайды.
Дұрыс дем алу және дауыс қою. Дауысты ретке келтіру де адамның ішкі энергиясын ретке келтіреді. Дауысы жағымды адам бірден бірнеше саты бойынша алға шығады.
Сөйлеу мәнерін дұрыстау. Таза әрі мәнерлі сөйлеу, сыпайы түрде өз ойын білдіру де адамның ақылын арттырады. Адамдар еріксіз оны сыйлап, оған жақсы көзқарас білдіреді.