"Жеңілмес мықты қаруың сенің – нәзіктік" #2

Қыз бала өзінің табиғатына сай нәзік, биязы болуы керек дегенді жиі естиміз. Ал бұған кедергі болатын нәрселерді білесіз бе?

Басы

1. Қызығушылықтың жоқтығы.

Хобби кез келген адамға қажет. Ол моральдік тұрғыда ләззат сыйлайды. Өзіңізді тұлға сезінесіз.

2. Басқару.

Басқару ісінде әйелдер ерлерден кем түспейді. Алайда, бұл іске мүмкіндігінше араласпаған жөн. Әйел затының міндеті – шабыттандыру, ынталандыру, алға жетелеу.

3. Ұрыс-керіс.

Нәзік жандар ұрысқа араласпауы керек. Әсіресе, ер адамдармен. Еркектермен сөз таластыру әйел затын нәзіктігінен айырады. Әрине, кез келген адамның өмірінде әртүрлі жағдай туындап жатады. Кейде өз позицияңды қорғау керек болады. Мұндай жағдайда мәселені байыппен шешуге тырысу керек.

4. Қызмет.

Әйел адамның қызметі басқа, ер адамның қызметі бір басқа екенін кейде ұмытып кетеміз. Шеге қағу, жиһаз орналастыру, компанияны билеу, отбасын асырау сияқты тірліктер ер адамның құзырында. Мұндай істерге араласпаңыз.

5. Қанағатсыздық.

Біз мақсат қойып, соған қол жеткізбейінше тыным таппаймыз. Ал дана әйел "барымен базар" болады.

6. Спорттан алыс болу.

Жігіттерге арналған спорт түрлері әйел адамға жараспайды. Оның орнына йога, әртүрлі би өнері, сурет салу, тоқу, тігу, коньки тебу секілді дүниелермен айналысқан жөн.

7. Досы жоқтық.

Сіздің міндетті түрде сырласыңыз, жаныңызға жақын құрбыңыз болуы керек. Үйдегі, жұмыстағы, қоғамдағы мәселелерді әйел адам ішінде сақтамауы керек.

Сурет: ©Андрей Пачевский

Оқи отырыңыз:

Өмірге қажетті кеңестер

Бақытты отбасының құпиясы

Сын неліктен намысымызға тиеді?

Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...