- Негізгі бет
- Психология
- Желтоқсан айына арналған...
Желтоқсан айына арналған жұлдыз жорамал
Барлық адам баласын болашақтың қандай болатыны қызықтыратыны анық. Келер айда қандай өзгерістер күтіп тұр? Қандай жаңалықтар болады? Осындай сауалдарды жиі қоямыз әрі барлық жоспарымыздың болашақтың еншісіне қалдырамыз. Желтоқсан айы әдетте мерекелік көңіл-күймен сырғып өтіп кетеді. Соған қарамастан, жоспарларды бір ретке келтіру үшін жұлдыз жорамалды білу артық етпейді.
Айдың басы: Тоқты белгісінде туғандар алғашқы онкүндікте не жұмысқа, не отбасына көңіл бөлуі керек. Екі жақты қатар алып, жетістікке жетуі мүмкін емес. Сонымен қатар, жұлдыздар бар жауапкершілікті өз мойнына алуға кеңес беерді. Кез келген мәселеге қатысты өз бетіңізбен шешім қабылдағаныңыз жөн.
Ай ортасы: Бұл уақытта эмоциялық тұрақсыздыққа тап боласыз. Айналаңыздағы адамдарға ашуланып, ойламаған жерден басыңыз дауға қалуы мүмкін. Соған қарамастан, ай ортасы – бизнес жобаларды іске асырып, шешімі табылмай жүрген жұмыстарды реттейтін уақыт. Егер белсенді болсаңыз, әріптестеріңіздің арасында беделіңіз артады.
Ай аяғы: Жаңа жыл қарсаңында тынбай еңбек еткен жандар қомақты табысқа қол жеткізеді. Түскен қаражатты келер айда қаржы мәселелері туындамас үшін кейінге сақтап қойғаныңыз абзал.
Айдың басы: Желтоқсан айының алғашқы онкүндігін торпақтар жұмысқа арнайды. Жыл соңына дейін аяқталуы тиіс жұмыстардың саны артады.
Ай ортасы: Барлық жұмысты аяқтаған соң, торпақтар үшін нағыз демалыс уақыты басталады. Уақытыңыз шоппинг, кештер мен мерекелік бас қосуларға арнағаныңыз жөн. Бұл уақытты пайдаланып, өткен жылды қорытындылауды да ұмытпаңыз.
Ай аяғы: Үшінші онкүндікте жеке өміріңізге назар аударғаныңыз абзал. Сіз күткен үлкен махаббат жаныңызда жүруі әбден мүмкін. Әріптестеріңіздің бірімен ортақ тіл табысып, болашақта отбасын құруыңыз ықтимал. Бұл уақытта ұйымдастырылатын барлық басқосулардан қалмағаныңыз жөн. Торпақтар бұл айда денсаулығына аса мән бергені жөн. Өйткені иммунитеттің төмендеуі, тұмау мен тыныс жолдарының ауруы туындауы мүмкін.
Айдың басы: Айдың алғашқы күнінен-ақ айналаңыздағы жандар (туысқан, әріптес, достар) сізге жол көрсетіп, "қалай дұрыс өмір сүру" керегін үйретіп, шамыңызға тиеді. Еркіндікті жақсы көретін егіздер өздерінің жеке кеңістігіне біреудің қол сұққанын жек көреді. Сондықтан түсініспеушіліктер болады. Бойдақ егіздер айдың басында екінші жартысын кездестіруі мүмкін. Әсіресе, жұмыс бабымен іссапарға не саяхатқа аттанатындардың мүмкіндігі жоғары.
Ай ортасы: Екінші онкүндікте ғана кәсібіңізде жаңалықтар болуы мүмкін. Сізге жаңа ұсыныстар түседі. Жаңа жұмыс үшін басқа қалаға қоныс аударуыңыз ықтимал. Тәуекелге бел буған егіздер қауымының материалдық жағдайы жақсармақ.
Ай аяғы: Желтоқсан айының соңында денсаулығыңыз сыр беруі ғажап емес. Әсіресе, тісіңізге абай болыңыз. Ауырған жағдайда бірден дәрігерге баруға кеңес береміз.
Айдың басы: Жұлдыздар шаяндарға орынсыз сөйлеуден және артық шығыннан алшақ болуға кеңес береді. Егер көптен бері имиджіңізді өзгерту ойыңызда жүрген болса, оны іске асыратын уақыт келді.
Ай ортасы: Сізге жоғары жалақылы жұмысқа ұсыныстар түседі. Бірақ, бірден келіспегеніңіз абзал. Ойланып, жан-жақты зерттеп қана іске кірісіңіз. Әйтпесе, кейін бармақ тістеп қалуыңыз ықтимал.
Ай аяғы: Жылды қорытындылаумен қатар, жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды реттегеніңіз жөн. Ренжіткен болсаңыз кешірім сұраңыз. Өзіңіз өкпелі болсаңыз, алғаш болып достасуға ықылас танытыңыз. Сонда ғана келер жыл сәттіліктер мен қолдауларды уәде етеді.
Айдың басы: Өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенгеніңіз жөн. Айдың алғашқы онкүндігін өзіңізге арнаңыз. Дүкен аралап, киімдеріңізді жаңартыңыз. Әрине, әмияныңыз "жұқарады". Бірақ, уайымдамаңыз.
Ай ортасы: Сіз ойламаған жерден табысқа ие боласыз. Ұтыс, жеңіске ие болуыңыз әбден мүмкін. Сонымен қатар, бұл уақыт аралығы романтикалық қарым-қатынастар үшін сәтті кезең. Бұл уақытта үй болуды ниет етіп жүргендер шаңырақ көтереді.
Ай аяғы: Ай аяғына таман денсаулығыңызды басты назарға алыңыз. Майлы тағам, тәтті мен қуырылған тамақ түрлерінен бас тартқаныңыз жөн. Өйткені, дұрыс емес диета сіздің осы уақытқа дейінгі ауруларыңызды асқындырып жібереді.
Айдың басы: Алғашқы аптадан бастап жұмысыңызда жауапкершілік артады. Бірақ, істің өнімді болуы өзіңізге тікелей байланысты. Өзіңізге сенімді болсаңыз, өз ойыңызды ашық жеткізіп қана қоймай, оны дәлелдей аласыз. Нәтижесінде жалақыңыз артуы немесе үстемақы алуыңыз мүмкін. Ал, өзіңізге сенімсіз болсаңыз, айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Ай ортасы: Жұмыста сабырлық танытыңыз. Сіздің табандылығыңыз ғана жаңа жобалардың іске асуына себеп болады. Ай ортасында уақытша материалдық қиындықтар тууы мүмкін. Сол аралықта, жарыңызбен араңызда түсініспеушіліктер туындайды. Бірақ, жақындарыңызға көбірек уақыт бөліп, олардың жанынан табылсаңыз, барлық мәселенің шешімі табылады.
Ай аяғы: Денсаулығыңыз бірқалыпты болғанымен, сенімсіздік пен жеке өміріңіздегі қиындықтар сіздің көңіл-күйіңізге әсер етеді. Тек ай соңында ғана демалуға мүмкіндік аласыз.
Айдың басы: Бұл уақыт аралығында өзіңіздің іс-әрекетіңізді ой желегінен өткізіп, жағымсыз әдеттерден арылғаныңыз абзал. Өзіңізбен жұмыс істесеңіз, келесі жылы ғана жемісін көре аласыз.
Ай ортасы: Екінші онкүндіктің басында сізге ұзақмерзімді іскерлік жобаға ұсыныс түседі. Бірақ, оны келесі жылға қалдырғаныңыз абзал. Бұл айдағы шешіміңіз сәтті аяқталмайды. Одан бөлек, ай ортасында ірі шығындарға тап болуыңыз мүмкін.
Ай аяғы: Жаңа таныстар мен жақын араласа бермейтін адамдар алшақ болыңыз. Әсіресе, салаңыз бизнеспен немесе сатылымға қатысы болса, сақ жүргеніңіз жөн.
Айдың басы: Желтоқсан айында ешқайда асығудың қажеті жоқ. Сабырлы болсаңыз, барлық іс оңынан шешімін табады. Бұл айда жағдайы жақсы туысқандарыңыздан қаржылай көмек сұрамаңыз. Арты үлкен жанжалға ұласады. Бастығыңыз, әріптестеріңіз бен серіктестеріңіздің алдында беделіңіз көтеріле түседі.
Ай ортасы: Екінші онкүндікте материалдық жағдайын жақсара түседі. Ал, отбасыңызбен қарым-қатынасыңыз бірқалыпты болып қалмақ.
Ай аяғы: Мерекелік көңіл-күймен айдың қалай аяқталғанын байқамай да қаласыз. Бұл уақытты жұмысты ығыстырып, балаларыңызға, жарыңызға уақыт бөліңіз. Әлі отбасын құрмасаңыз өзіңізге арнаңыз. Бастысы, басқосуларда ішімдік пен майлы тағамдардан алшақ болыңыз.
Айдың басы: Сіздің кез келген өзгеріске тез бейімделетін қасиетіңіз сізді табысқа жетелейді. Айдың алғашқы күнінен-ақ бастығыңыздан мақтау естисіз. Егер қолыңыз бос болса, далада жиі серуендеңіз. Мүмкіндігіңіз болса саяхатқа аттансаңыз артық етпейді.
Ай ортасы: Қаржы мәселелері туындайды, бірақ туыстарыңыз бен достарыңыздың арқасында барлығы оңай шешіледі.
Ай аяғы: Денсаулығыңыз ретке келтіретін уақыт келді. Әсіресе тамақтану режиміңізге назар аударғаныңыз жөн.
Айдың басы: Бұл айда сіз айналаңыздағы араласпайтын адамдармен қош айтысасыз. Болашағы жоқ кәсіпте жүргендер жұмысын тастаса, ажырасуды ойлап жүргендер бұл қадамға барады. Өмірдің жаңа парағын ашуға шешім қабылдайсыз.
Ай ортасы: желтоқсан айында сізде айтарлықтай өзгеріс болмайды. Күнделікті тірлігіңіз жалғаса береді. Бірақ, жұлдыздар сізге жиі сыртқа шығып, мейрамхана, жаңа орындарды көруге кеңес береді.
Ай аяғы: Бұл уақытта жұмыссыз жүргендерге жаңа ұсыныс келеді. Кейбір тауешкілер бизнес жобаларды қолға алады. Жобаның табысын келесі айда аласыз.
Айдың басы:Осы уақытқа дейін кейінге шегеріп келген жұмыстарды қолға алатын уақыт келді. Айналаңыздағылар сізден тек нәтижесені ғана емес, жылдамдық пен сапаны талап ететін болады. Ашуға бой алдырып, артық сөйлеп қалуыңыз мүмкін. Бұндай жағдайда әріптестеріңізбен арада кикілжің туады.
Ай ортасы: Шыдамдылық танытсаңыз, ай ортасында басқа төнген барлық бұл сейіледі. Қосымша ақы төленіп, табысқа кеңелесіз. Соған қарамастан, көрген қысым сіздің күйзеліске ұшырауыңыз себеп болады. Бұндай кезде тек достарыңыз, жақындарыңыз бен екінші жартыңыз ғана көмектесе алады.
Ай аяғы: Айды жасы үлкен туысқандарыңызға көңіл бөлумен аяқтағаныңыз абзал. Мерекелерді сылтауратып, қонаққа шақырыңыз.
Айдың басы: Артық қыламын деп, тыртық қылып жүрмеңіз. Айдың басында қымбат нәрсеге шығындалып, кейін ай аяғында қаражатсыз қалуыңыз ғажап емес.
Ай ортасы: Бұл аралықта жұмыстағы қарыздар мен есептерді орындау үшін үй мен кеңсе ортасында біраз сеңделуге тура келеді. Артық жұмыс істемеу үшін, іске бүгіннен бастап кіріскеніңіз дұрыс.
Ай аяғы: Тек айдың аяғында ғана еркін тыныстай аласыз. Жақындарыңыздың жанында болғаныңыз жөн. Жұмыстағы күйзеліс денсаулығыңызға кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан, бір уақыт психологтың көмегіне сүйенуге кеңес береміз.
Т. Есқали