- Негізгі бет
- Психология
- Жеке іс бастау...
Жеке іс бастау жолындағы кедергілер
Кез келген адам қаржылай тәуелсіз болуды армандайды. Алайда оған жету жолында алдынан сан түрлі кедергілер шығады. Бүгін сіздерге жеке іс бастау жолындағы кедергілер туралы әңгімелеп береміз.
1. Қарсы келушілер
«Есің дұрыс па? Істеуші болма мұны!» деген сөздерді естіп пе едіңіз? Әдетте бұл сөздерді қоғамдық тәртіпке үйреніп қалған ата-анамыз, туыстарымыз немесе «рефлекс» бойынша өмір сүруге үйреніп, жаңа идеяның бәрін жоққа шығаратын адамдар айтады. Мұндай типті адамдар сізді артқа тартып, идеяңыздың жүзеге аспай қалуы мүмкін екеніне сендіруге тырысады. Оларды тыңдаудың қажеті жоқ. Мұндай адамдар кез келген бастаманың пайдасы жоқ деп ойлайды.
2. Көре алмаушылар
«М, бұл қызық ой екен...», «Сәттілік!», «Тү, мен көмектесетін едім, бірақ...» деген сөздерді әдетте достарыңыз не әріптестеріңіз айтады. Олар бетіңізге күліп қарап, идеяңызды қолдаса да, жолыңызға сан түрлі кедергі, тосқауылдар қоюы мүмкін. Өзінің мүмкіндігіне, идеясы мен күшіне сенбейтін адам біреудің табысын көре алмайды. Бейсаналы тұрғыда олар сіздің табысыңызды, идеяңызды қызғанып, өзінен асып кетпеуіңізді қалайды. Мұндай адамдардың ниеті сізге әсер етпеуі керек. Жүрекке жақын қабылдамаңыз.
3. Өзіңіз
«Мен қорқамын», «Ішкі дауысыма сенбеймін», «Қолымнан келмесе не істеймін?» деген ойларыңыз қауіпті екенін ескеріңіз. Мұндай қорқынышты түбінен жою керек. Мақсатыңызға, идеяңызға сенімді болыңыз. Өзіңізге сенетін болсаңыз, қорқыныш пен үрей де сейіле бастайды. Әрине, кез келген бизнесті бастамас бұрын жақсылап ойланып, саралап, анализ жасау керек. Қандай нәтиже күтесіз? Қандай мақсат қойдыңыз? Мерзімдері қандай? Осындай мәселелерді бүге-шігесіне дейін талдап, бастау керек. Және мұндайда тек өзіңізге сеніп, ішкі дауысыңызды тыңдағаныңыз жөн.
Ф. Абилова