- Негізгі бет
- Психология
- Жеке өміріңізді өзгерткіңіз...
Жеке өміріңізді өзгерткіңіз келсе
Жігіт пен қыздың қарым-қатынасына байланысты ақыл-кеңес көп. Солардың ішінде ең маңызды екі жағдайға тоқталайық.
Қарым-қатынаста қиындық туғызбаңыз. Ең алғашқы минуттан бастап оңай араласыңыз. Бірден ескі танысыңызды көргендей арқа-жарқа әңгімеге көшіңіз. Арақашықтық сақтаудың пайдасы жоқ. Жай ғана метро аялдамасында (мұнда интернет жоқ қой) кездесіп қалып, он бес минут сөйлескен жігіт жеті жыл бойына алыстан хат жазып жүрген жігіттен артық болып кетуі ықтимал.
Қарапайымдылық – жақсы, күрделілік – жаман. Бұл ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.
Қарым-қатынаста ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ. Ешкімнің соңынан жүгірмеңіз, ешбіреуіне қол жеткіземін деп тыраштанбаңыз. Бір рет осындай қадамға бардыңыз екен, өмір бойы осылай етуге тура келеді. Жауабына мұрны шүйірілген тәкаппарлықты ғана көресіз. Немқұрайлылық байқасаңыз, бірден бұрылып кете барыңыз, сіздің адамыңыз емес. Бос уақыты көп, ерігіп жүрген жандар ғана қиын қарым-қатынасты бастап, өмір бойы жүйкесін жұқартып өтеді.
Қарым-қатынас шаттық сыйлауы тиіс. Бұл да дәлелсіз түсінікті. Сезіміңіздің бақытқа қарағанда мұң сыйлауы көбейді ме, бұл махаббаттың тамырына дереу балта шабу қажет.
Ұрыс-керіс шығарып, ыдыс-аяқ сындырып, жас төгіп, кейін қайта татуласып жүре беретін қарым-қатынасқа бой үйретпеңіз. Бұл жақсы емес, бақытсыздыққа апарар жол десе де болады. Ұзақ әңгіме мен өзара түсіністікті, біріңізді біріңіз кінәлауды кейінге қалдырыңыз. Ашуларыңыз басылған кезде ғана отырып сөйлесуге болады.
Бір сөзді кір сабынша көпіртіп, сағызша созып, ұзақ қаужайтын адамдар жетерлік. Олар өз миын қажетсіз айқай-шумен толтырып қояды. Бұл тіпті де керек емес. Сөзіңіз ешкімге пайда әкелмейтінін, ешкімді қуантпайтынын ұқтыңыз ба, дереу тіліңізді тістеп қалыңыз.
@. @assel_assanova