1. Жақын арада байып кетудің қай жолын жоспарлап отырсыз?
а) мансап қуып, басшылыққа дейін көтерілу;
б) тәуекелге барып қолымда бар қаражатты пайдалы іске жұмсау;
в) лотереяда бағымды сынап көру.
2. Өзіңіздің актерлік қырыңыздан көрсетудің сәті түсті. Қай рөлді бәрінен мықты алып шыға алар едіңіз?
а) Остап Бендердің образын;
б) «Анны Каренинадағы» Левинді;
в) «Көктемнің он жеті сәті» фильміндегі Штирлицті.
3. Миллион ұтып алдыңыз делік. Оны қайда жұмсар едіңіз?
а) банкке салып, одан түскен пайыздық үлестің есебінен күн көрер едім;
б) пайдалы іске салып көрер едім;
в) бір бөлігін жаңа іске инвестициялап, қалғанын сенімді банкке салып қояр едім.
4. Сіздің ойыңызша, сізге ақша әкелетін...
а) билік;
б) өз қалағанымша өмір сүру;
в) қызметімнің жоғарылауы және өзгелердің көре алмаушылығы.
5. Байып кетсеңіз бұл туралы газет бетіне жарияланғанын қалар ма едіңіз?
а) жоқ;
б) иә;
в) мен жайлы қазір де анда-санда жазып тұрады.
6. Мамандықтардың қай тобы сізге жақынырақ?
а) жазушы, суретші, композитор;
б) адвокат, дәрігер, саясаткер;
в) фирма басшысы, институт басшысы, басылым директоры.
7. Өз фирмаңыздың негізін қалағанда, өзіңіз достық қарым-қатынаста болған адамдарды жұмысқа алар ма едіңіз?
а) иә;
б) жоқ;
в) бұл сұрақтың жауабын жан-жақты ойлану керек.
8. Миллион ақша таптыңыз, өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
а) тек пәтерім, көлігім және жиһаз секілді материалды заттар ғана өзгерер еді;
б) көбірек саяхат жасар едім;
в) өмір тәртібімді түбегейлі өзгертер едім.
9. Фирма директоры болдыңыз делік. Қызметіңізді неден бастайсыз?
а) менімен бірге жұмыс істейтін адамдар жайлы толығырақ білуге тырысамын;
б) фирма жұмысының басты бағыттарын анықтап аламын;
в) сенімді көмекшілер жасақтаудан.
10. Егер фирма директоры болсаңыз не қызмет бабыңыз жоғарылаған жағдайда, мына тұжырымдардың қайсысы оңтайлырақ болар еді?
а) менің жұмысымда кәсіби-техникалық қабілеттің маңыздылығы төмендеп, тұжырымдылық білімнің рөлі артты;
б) басшылық қызмет жоғарылаған сайын кәсіби-техникалық қабілетке қарағанда, коммуникативті қабілет маңыздырақ;
в) тұлғаға қойылатын талаптардың бәрі бірдей өзгерді.
11. Фирмаңыздағы бір бөлімінің ішінде қақтығыс пайда болды. Директор ретінде сіздің әрекетіңіз?
а) екі жақтың ойларын тыңдап көріп, ортақ келісімге келуге көндіру;
б) бәрін тыңдап көріп, қақтығыстың шешімін бөлімнің өзіне тапсыру;
в) кішігірім келіспеушіліктің үлкен дауға айналмауы үшін бәрін жасау.
12. Сізде қомақты қаржыға ие болу қажеттілігі қаншалықты күшті?
а) үнемі;
б) әр кезде әртүрлі;
в) қажеттілік жоқ.
13. Қолыңызда миллион бар және жаңа келісім-шартқа отыруға мүмкіндігік пайда болды. Сіз төмендегі көрсеткіштерде пайда әкелетін қай істі таңдар едіңіз:
а) 250 000 сом;
б) жарты миллион;
в) миллион.
Енді параққа қай сұраққа қандай нұсқалы жауапты таңдағаныңызды белгілеңіз де, төменгі берілген ұпайлар бойынша жалпы ұпайыңызды анықтаңыз.
1..............а) 6; б) 3; в) 0.
2..............а) 3; б) 0; в) 6.
3..............а) 0; б) 6; в) 3.
4..............а) 6; б) 0; в) 3.
5..............а) 0; б) 3; в) 6.
6..............а) 0; б) 3; в) 6.
7..............а) 0; б) 3; в) 6.
8..............а) 6; б) 3; в) 0.
9..............а) 3; б) 6; в) 0.
10.............а) 6; б) 0; в) 3.
11.............а) 3; б) 6; в) 0.
12.............а) 6; б) 3; в) 0.
13.............а) 0; б) 6; в) 3.
Жалпы жинаған ұпай санына қарап, коммерциялық қызметтегі тәуекелге бару қабілетіңізді 9 меже бойынша анықтаңыз.
1-ші, өте төмен деңгей (0 - 11 ұпай).
2-ші, төмен деңгей (12 - 19 ұпай).
3-ші, орташадан тым төмен (20 - 27 ұпай).
4-ші, орташадан сәл төмен(28 - 25 ұпай).
5-ші, орташа (36 - 43 ұпай).
6-шы, орташадан сәл жоғары (44 - 51 ұпай).
7-ші, орташадан жоғары (52 - 59 ұпай).
8-ші, жоғары дәреже (60 - 67 ұпай).
9-шы, өте жоғары дәреже (68 - 78 ұпай).
Жауабы:
1-3 деңгей. Сіз үшін баюдың ең ыңғайлы жолы – менеджер не басшы рөліне ұмтылмай, талмай еңбек ету.
4-5 деңгей. Сізде баю мүмкіндігі жаман емес. Алайда сізге кәсіпкерлік қабілетіңізді белсенді түрде дамыту керек.
7-8 деңгей. Менеджер болуға мүмкіндігіңіз бар.
8-9 деңгей. Миллионер болуға мүмкіндігіңіз мол. Алайда сіз қазірдің өзінде миллионер болуыңыз мүмкін.
Дереккөз: anabol.kz