Арамыздағы көпшілігіміз ЖОО аяқтағаннан кейін немесе кәмелет жасына толғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасу туралы бас қатыра бастаймыз. Дегенмен, бұл дұрыс бағыт емес. Неге? Таңғалатын боларсыз? Ал сіз өз-өзіңізге жұмыс істегіңіз келмей ме? Оған ойланарлық 7 себеп бар екен. Қарастырып көрелік.
Сіз тәулік бойы табыс тауып отырасыз
Әрине, жалақысы жоғары, тұрақты жұмысқа орналасу, өз еңбегіңмен қаржы табу әркімнің де ойында бары анық. Бизнеспен айналысатын адамдар олай ойламайды. Себебі сізге жұмыс істеген уақытыңызға ғана төленеді. Ал демалып жатсаңыз, сізге ешкім қаржы бермейді. Бір сәт ойға батып көріңіз, сіздің жеке бизнес жобаңыз сіз істемеген күнде де сізге табыс келтіріп отырады.
Жұмыста аптасына 40 сағат уақытыңызды жұмсайсыз. Уақыт бізге маңызды емес. Ең маңыздысы біздің ол үшін қанша жалақы алатынымыз.
Айта кетсек, жеке бизнесті ашу, кез-келген жобаға салым салу, сайт ашу, өнертабысыңыздан пайда табу немесе шығармашылық жұмысыңызға гонорар алу. Осы орайда, сіздің құрған жүйеңіз сіздің уақыт бөлмей жүрген кездеріңізде де табыс келтіріп тұратын болады. Бизнеске қадам баса тұра, сіз уақытқа жұмыс істемейтін боласыз. Оның орнына сіз жалдаған мамандар жұмыс атқаратын болады.
Барлық табыс – сіздікі
Жалданып жұмыс істеу барысында сіз өз қажеттілігіңізден бөлек, басшылығыңызға да қаржы келтіріп отыратыныңызды ұмытпаңыз. Демек, сіз жұмыста келтірген табыстың бір бөлігін ғана алып отырасыз. Сіздің жалақыңыз сіз ойлағаннан да жоғары болуы мүмкін еді. Бірақ ол жүзеге аспайтын дүние. Себебі бұл - бизнес.
Өз табысыңызды өзіңіз реттейтін боласыз
Жалданып жұмыс істеу барысында жалақыңызды жоғарылататын болсаңыз, сізге біраз тер төгуге тура келеді. Дегенмен, оның да нәтиже беруі екі талай. Ал өз жүйеңізде қаншасын жұмсауды, қаншасын өз мақсатыңызға алып қалуды өзіңіз шешесіз.
Қаржы тәуелсіздігін ұғына бастайсыз
Расында, адамдар тәжірибе жинақтау үшін де жұмысқа орналасады. Ал, шын мәнінде, біздің жұмысымыз бар не жоғына қарамастан, өмірлік тәжірибе жинақтаумен боламыз. Белгілі бір жұмыстың тәжірибесіне оралатын болсақ, сіз тек бір саланың ғана маманына айналасыз. Өзіңіз ойланып көріңіз. Қандай тәжірибеге ие болғыңыз келеді? Тұрақты тапсырмаларды орындай беру ме әлде өз қаржыңызды басқара алатын тәуелсіз тұлға болғыңыз келеді ме?
Өз-өзіңізге бастықсыз
Жұмысқа орналасқан кезде сіздің жұмысыңызды бақылап отыратын бастығыңыз болады. Егер сөз орай келмей қалып, бастықпен келіспей қалсаңыз ше? Сіздің жұмыстан шығып кетпеуіңізге ешкім кепіл болмайды. Ал бастаған бизнесіңізде өзіңіз бастық боласыз.
Өзіңізді қаржы қауіпсіздігімен қамтамасыз ете аласыз
Тағы көптеген адамдар тұрақты жұмысқа орналасу жанұяны тұрақты қамтамасыз ету деп біледі. Ал қазіргі уақытта сізге табыс көзі болып отырған жұмыстан әп-сәтте шығып кетуіңіз мүмкін. Сіз жұмысқа орналасу алқылы өзіңізді толық қаржы қауіпсіздігімен қамтамасыз ете алмайсыз. Себебі сіз жағдайды бақылаушы емессіз. Тек өзіңізге жұмыс істеу арқылы ғана тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз ете аласыз.
Шешім қабылдауды үйренесіз
Сіз белгілі бір салада еңбек етіп жатқаннан кейін, қоршаған ортаңыз да сол саланың мамандары болады. Сондай-ақ, әрбір кеңседе корпоративті мәдениет деген болады. Бұл сізге белгілі бір шектеулер мен талаптар қояды. Көп адам ондай тәртіпке көніге алмауы да мүмкін. Ал өз бизнесіңізді жүргізіп жатқанда сіз ол ережелерді құрастырушысына айналасыз, яғни өзіңізге би, өзіңізге қожа боласыз.
Шешім
Әркімнің өз таңдауы бар: жұмысқа орналасу немесе жеке жоспармен табысқа кенелу. Қазіргі кезде, көптің бары жұмысқа орналасуға қарағанда өз бизнесін бастағанын жөн көреді. Сосын уақыт өте келе, кезінде орынды шешім жасағаныңызға көзіңіз жететін болады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.gobankingrates.com