- Негізгі бет
- Психология
- Жек көру деген...
Жек көру деген не?
Жақсы көрген адам жек көре де алады. Біз әйтеуір біреуді іштей жаратпай, жақтырмай жүреміз. Оның арты жек көруге ұласып та жатады.
Жақсы көрген адамыңды бір мезетте жек көруің мүмкін, және керісінше. Жек көрген адамды бір күні өліп-өшіп жақсы көріп кетсеңіз, бұл таңғаларлық жайт емес. Жек көру кейде махаббатты да жеңіп кететін күшті сезім. Он сегіз мың ғалам жек көру мен ашуға толы, өйткені, өмір - күрес...
Біз сүйе тұрып, жек көреміз. Жек көру бізге өмірмен күресу үшін үлкен энергия береді. Жек көру сенің мақсатқа жетуің үшін қызмет ететін ұлы сезім...Жек көру арқылы мақсатқа жетіп, жек көру арқылы қиындықты жеңе аласың.
Жек көру - ыза, кек. Сүйікті адамыңды біреу тартып алып кетті. Жек көресің. Адам жек көре білу керек. Махаббат қашан да таза, пәк әрі ғажап сезім, ал жек көру сенің күшің.
Жек көруге лайық адамды жек көріп, жақсы адамды сүюге энергия аласыз. Бәрін бірдей сүю мүмкін емес. Сондықтан, шын мәнінде өміріңе зиян келтірген адамды жек көре алу керек.
Тарихта өз махаббаты басына бұйырмаған жандардың сүйікті адамын өз қолымен өлтірген жағдайлары көптеп кездеседі. Махаббат жек көрудің алдында әлсіз.
Ешкімді жек көрмеуге тырысатын адамдар өзін-өзі жек көре бастайды. Мысалы, университетке түсуіңізге кедергі жасаған адам алдыңызға келіп, кешірім сұрады. Болар іс болды, аяушылық сезімі пайда болып, кешіре салдыңыз. Бірақ, жек көру бәрібір ішіңізде қалып қойды. Жек көретін адамыңызды кешіріп қойғаннан кейін, жек көру айналып өзіңізге келеді. Сөйтіп, өз-өзіңізді жек көресіз...
Ақылмен сүю деген бар, сол сияқты ақылмен жек көруге болады. Ақылмен жек көру өміріңізді құртатын әрекеттерге баруыңызға жол бермейді.
Жек көруге лайық адамды ақылмен жек көре білейік...
Сурет: blogs.privet.ru
Р. Роза