Достық пен жауластық - өлмейтін тақырып. Әркім де әр жерде, әр уақытта бұл мәселемен бас ауыртқаны шындық. Қастықты қазақ халқы өз мақал-мәтелдерімен талай айқындап, сипаттамасын да берген. Ал әлемде жаулық, өшпенділік, қастық туралы қандай ой айтылады екен?
Ұрысқа ниет болса, себеп табыла кетеді. Илья Шевелев Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар. Жан-Жак Руссо Өзіне дос іздемейтін адам өзіне өзі дұшпан. Шота Руставели Жексұрын жыланнан да жаман. Жылан бір рет қана шағып алуы мүмкін. Ал жексұрын қайта-қайта шағады. Чанакья Пандит Мен өз жауларымды дос етіп алу арқылы жеңіп кетемін. Авраам Линкольн Өз жауын аямаған адам, досын да аямайды. Авессалом Подводный Өз-өзіңмен үйлесімді өмір сүрмесең – нағыз жаугершілік осы. Белгісіз автор Достарыңмен жауласу дұшпаныңмен соғысудан да қиын. Демокрит «Өле қал!» деп айтылған жаудың сөзі маған «Аман бол!» дегенімен бірдей-ақ. А.Гафуров Жаудың мықты болғаны жақсы, тек ызалы болмаса болыпты. Авессалом Подводный Дұшпанына рақымшылықпен қарайтын адам өз өмірін бағаламайды. Константин Щемелинин Биіктегіңіз келсе – дұшпан іздеп табыңыз. Шарль Морис Талейран Ойлы жауға қарағанда, ойсыз жау қауіптірек. Константин Кушнер Жауың көп болса, қорқыныш емес, ал досың жоқ болса, міне, осы ең ауыры. Веселин Георгиев Соғысты ушықтыруға қарағанда соғысты болдырмай тастау – ерлік. Мэри Андерсон Жауыңмен достасу – соғысудан шаршағаның мен жеңілістен қорқатыныңды білдіреді. Франсуа де Ларошфуко О, құдай, мені достарымнан құтқаршы, ал жауларымды өзіме қалдыр! Александр Македонский Жауыңды шын жеңгің келсе, құшағыңа ал... Белгісіз авторДайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: smlazarevi.ru