- Негізгі бет
- Психология
- «Жауыңды жеңгің келсе,...
«Жауыңды жеңгің келсе, құшағыңа ал»
Достық пен жауластық - өлмейтін тақырып. Әркім де әр жерде, әр уақытта бұл мәселемен бас ауыртқаны шындық. Қастықты қазақ халқы өз мақал-мәтелдерімен талай айқындап, сипаттамасын да берген. Ал әлемде жаулық, өшпенділік, қастық туралы қандай ой айтылады екен?
- Ұрысқа ниет болса, себеп табыла кетеді. Илья Шевелев
- Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар. Жан-Жак Руссо
- Өзіне дос іздемейтін адам өзіне өзі дұшпан. Шота Руставели
- Жексұрын жыланнан да жаман. Жылан бір рет қана шағып алуы мүмкін. Ал жексұрын қайта-қайта шағады. Чанакья Пандит
- Мен өз жауларымды дос етіп алу арқылы жеңіп кетемін. Авраам Линкольн
- Өз жауын аямаған адам, досын да аямайды. Авессалом Подводный
- Өз-өзіңмен үйлесімді өмір сүрмесең – нағыз жаугершілік осы. Белгісіз автор
- Достарыңмен жауласу дұшпаныңмен соғысудан да қиын. Демокрит
- «Өле қал!» деп айтылған жаудың сөзі маған «Аман бол!» дегенімен бірдей-ақ. А.Гафуров
- Жаудың мықты болғаны жақсы, тек ызалы болмаса болыпты. Авессалом Подводный
- Дұшпанына рақымшылықпен қарайтын адам өз өмірін бағаламайды. Константин Щемелинин
- Биіктегіңіз келсе – дұшпан іздеп табыңыз. Шарль Морис Талейран
- Ойлы жауға қарағанда, ойсыз жау қауіптірек. Константин Кушнер
- Жауың көп болса, қорқыныш емес, ал досың жоқ болса, міне, осы ең ауыры. Веселин Георгиев
- Соғысты ушықтыруға қарағанда соғысты болдырмай тастау – ерлік. Мэри Андерсон
- Жауыңмен достасу – соғысудан шаршағаның мен жеңілістен қорқатыныңды білдіреді. Франсуа де Ларошфуко
- О, құдай, мені достарымнан құтқаршы, ал жауларымды өзіме қалдыр! Александр Македонский
- Жауыңды шын жеңгің келсе, құшағыңа ал... Белгісіз автор
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: smlazarevi.ru
А. Құлтай