- Негізгі бет
- Психология
- Жасөспірімнің күйзеліске ұшырағанын...
Жасөспірімнің күйзеліске ұшырағанын қалай аңғарамыз?
Күйзеліске жасы үлкендер ғана ұшырамайды. Жасөспірімдер де жиі ұшырайды екен. Ондай сәттерде жасөспірімге ата-ана мен жақын жандарының қолдауы ауадай қажет. Алайда олардың күйзеліске ұшырап жүргенін аңғара бермейміз.
«Кіп-кішкентай болып, нені уайымдайды дейсің?» − деп балалардың көңілсіз жүргеніне көп көңіл бөле бермейміз. Ал оның соңы үлкен қиындықтар тудыруы мүмкін. Жасөспірімдер немесе жеткіншектер көп жағдайды терең түсіне алмай, күйзеліске ұшырайды. Олардың бойында ұялшақтық пен агрессиялы мінез-құлық, жастық максимализм, шектен тыс мазасыздану, шамасы келмесе де «өзім білеміндікке» ұмтылу сияқты әрекеттер тән болады.
Жалпы, жасөспірімнің күйзеліске душар болып жүргенін төмендегідей әрекеттерінен анық аңғаруға болады:
1.Баланың мінез-құлқы өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостық байқалады.
2. Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген секілді сылтауларды көбейеді.
3. Мектепте болған жағдайлардан бас тартады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.
4. Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұрай бастайды, сылтауы көбейеді.
5. Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.
6. Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.
Сонымен бірге егер бала зорлық-зомбылық көрсе, оны келесі жанама белгілерден де байқауға болады:
1. ұйқысы бұзылады;
2. ата-анамен, мұғалімдермен, құрбыларымен ерегесу әрекеттері байқалады;
3. достарын жиі ауыстырады;
Н. Үсенова