- Негізгі бет
- Психология
- Жасөспірімдер агрессиясымен не...
Жасөспірімдер агрессиясымен не істеу керек? I-BALAQAI эфирінде сарапшылар пікірі
Агрессия – бұл адамзаттың дамуына мүмкіндік беретін фактор. Жеке кеңістікті қорғауға байланысты агрессия қалыпты болып саналады, оны жоюдың қажеті жоқ. Оны қандай жағдайда емдеу керек және жасөспірімдер агрессиясының негізгі себебі қандай? I-BALAQAI эфирінде осы және өзге де сұрақтарға сарапшылар жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін, 17 маусымда сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-арнасынан көре аласыздар. Ата-аналардың балаларға деген үміттері мен агрессияны сублимациялау әдістері туралы ойын бөлісетін:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" РМК бас директоры, штаттан тыс бас психиатр, медицина ғылымдарының кандидаты - Николай Негай;
"АНГЕЛ" балалар қауіпсіздігі орталығының жетекшісі, балалар қауіпсіздігі бойынша сарапшы - Зарина Жұмағұлова.
I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар – Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес – "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсынысын айтады.
Жүргізуші – журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзінділерін біздің сайтымыздан және I-BALAQAI YouTube-арнасынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар сериясы, пайдалы мақалалар, видеолар және тағы басқасы шығады.
Жоба туралы толығырақ I-BALAQAI (@ibalaqai) Instagram парақшасында.
RTS Decaux компаниясына түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.
Н. Үсенова