АҚШ-тың әйгілі педагог-психологы Торрастың (E.P.Torrance) пікірінше, төмендегі мазмұндар арқылы бірер баланың жасампаздық қасиеті жоғары-төмен екенін айыруға болады, бұл мазмұндар белгілі дәрежеде жасампаздық қасиеті жоғары (жасампаздық қабілетке ие) балада болатын өзгеше белгілерді бейнелеп берді.
1. Өзгенің сөзін тыңдағанда, заттарға, әрекетке көз салғанда, бар зейінімен беріледі.
2. Ауызша, не жазбаша пайымдағанда салыстыру тәсілін қолданғыш келеді.
3. Кітапты бар зейін-зердесін бере оқиды және жазады.
4. Мұғалім берген тапсырманы орындап болғанда қуанып кетеді.
5. Беделді сипаттағы көзқарастарға қарсы пікір қозғауға құштар.
6. Заттардың әр алуан тегін, себептерін іздеуге дағдыланған (заттардың түп төркінін анықтауға құштар).
7. Заттарды аса жіті бақылайды.
8. Өзгелермен әңгімелесіп мәселе байқай алады.
9. Жасампаздық сипаттағы жұмыстар жасағанда ішкен асын жерге қояды.
10. Мәселені және мәселеге қатысты түрлі қатынастарды байқай алады.
11. Күнделікті, негізгі тұрмысынан тыс әдеттегі уақыттың бәрінде мәселелер жөнінде ізденіп жүреді.
12. Қызыққыш (әуесқой).
13. Өзіндік ерекше сынақ (тәжірибе) тәсілі және жаңалық ашу тәсілі болады.
14. Әлденені байқап қалғанда қуанып кетеді.
15. Нәтижесін межелей алады, әрі бұл нәтижені дұрыс сипаттай алады.
16. Жасымайтын, қайсар болады.
17. Заттардың жаңа жауабы, жаңа нәтижесі жөнінде үзбей ой жүгіртеді.
18. Қырағы, бақылау және мәселе қою қабілетіне ие болады.
19. Үйренуден өзге көңіл бөлетін өзгеше зерттеу тақырыбы болады.
20. Бір түрлі тәсілден сырт, істің мүмкіншілігін көп жақтан іздейді (барлық мүмкіндіктерді іздеуге құштар, үнемі «Мұнан өзге амалы жоқ па?» деген тәрізді сұрауларды қойып отырады.
21. Үнемі жаңа межелер тауып отырады, сауық-сайранда да, бос кезде де санасында жаңа ойлар туындайды.
Жолдаған: Серікбол Шәймардан
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Жолдас Өрісбаевтың жеке парақшасынан