Жапон тесті: "Сенің мүмкіндігің"

Қозғалыс құралдарын таңдау сенің мақсатыңа жету кезіндегі мүмкіндіктеріңді және мінез-құлық ерекшеліктеріңді айқындайды. Сондықтан төменде тұрған қозғалыс құралдарының ішінен жаныңызға жақын біреуін таңдаңыз. 

     

Сенің таңдауың – велосипед. Қойылған мақсаттарыңа өз күшіңмен жетесің. Өзіңе сен, өз бетіңмен қимылда. Айналадағылар саған бекер көмектеседі. Сенде ерлік, батылдық және сенім жетерлік, сондықтан – тек алға! Сенім, бірбеткейлік және еңбек сені жеңіске апарады. Сенің мүмкіндіктерің мол.

Сенің таңдауың – автокөлік. Ішкі күшің мен қуатың сені алға итермелейді. Сен егер көп асықпасаң, өз мақсаттарыңа жетесің. Өз мақсаттарыңа емін-еркін жетуіңе мүмкіндіктер бар. Мүмкіндікті жіберіп алмауға тырыс.

Сенің таңдауың – автобус. Сен өз туғандарың мен достарыңды жоғары бағалайсың. Басқаларға көмектесу арқылы, өзіңе қызмет етесің, яғни армандаған мақсатыңа жетуіңе жақындатады. Бірақ жақындарыңның сенің таңдаған қозғалыс бағытын өзгертуіне және сенің назарыңды басқаға аударуына жол берме. Егер сен өз жоспарларыңа басқалардың араласуына мүмкіндік бермесең, тек осы жағдайда ғана сенің мүмкіндіктерің мол болады.

Сенің таңдауың – пойыз. Айналада адамдар көп, бірақ сен өз өміріңдегі олардың маңызы мен пікірін толығымен жоққа шығарасың. Өз-өзіңізден тұйықталу болмайды, жаң-жағыңа қара және олардың ойларымен де санаса біл. 

Сенің таңдауың – қайық. Сен тәуелсіз әрі адалсың және айналаңда не болып жатқанына селқос қарайсың. Сезімді ақылға жеңдіре білу, яғни рационализм және дұрыс ойлаушылық - міне, осылар сенің ұстанымың. Сен үшін болжамды ұсақ-түйектен бас тарту оңай емес. Сен стратегиялық жоспар құрасың және үнемі өзгеретін жағдайларға көңіл аудармастан оны анық-дәл қадағалайсың. Мүмкін бұл дұрыс емес шығар? Шешімнің әртүрлі нұсқаларын қарауға және байқауға тырыс. Бұл сенің мүмкіндіктеріңе міндетті түрде жеткізеді.

Сенің таңдауың – ұшақ. Өз мақсаттарыңа өте тез жетуді қалайсың және үнемі нақты әрекетпен осыған жетуді армандайсың. Сенің қиялың бұл жағдайда – сенің дұшпаның. Сен аспанға ұшасың бірақ арманыңның орындалуынан қорқасың. Жеңіске деген мүмкіндігің аз. Жерге түс, айналаңа қара және еш қауіпсіз іске кіріс.

Жолдаған: Әйгерім Жаналықызы

Сурет: vk.com

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова