- Негізгі бет
- Психология
- Жаныңызға тыныштық сыйлағыңыз...
Жаныңызға тыныштық сыйлағыңыз келсе
Фото:
vk.com
Өмір-өзен деп аталатын өмір жолында, қарбалас тіршілік пен жұмыста да тіпті өзімізге қарауға мұршамыз келмей жатады. Осы жерде "Не үшін?" деген сұрақ туындайды. Өзіміз бе, жоқ әлде ақшаға құнығып кеттік пе? Тек жанымыз жабырқаған сәтте ғана өзімізді еске алып, кейде өзімізге жанымыз ашып, жылап та алатын сәттеріміз өте көп. Неге бір сәтке болса да жанымызға тыныштық сыйламасқа!
Сіз өзіңізді бір сәтке болса да тыныштықта сезінгіңіз келе ме? Онда мына айтылған кеңестерді жадыңыздан шығармаңыз.
- Өмір сізді әрдайым қиындықта да, қуанышта да, сын тұрғысынан да сынап өтеді, өмірде алдыңызға келген қиындыққа сынып кетпеңіз. Сіз өзіңізді қашан жалғыз сезіндіңіз және қай уақытта, қай күні есіңізге түсіріп көріңізші.
- Үйде жалғыз қалған сәтіңізде өзіңіздің ешқашан да есіңізден кетпейтін бір қуанышты сәтіңізді есіңізге түсіріп көріңіз.
- Жылағыңыз келе ме, айта алмаған мұңыңыз бар ма? Онда дауысыңызды барынша шығарып егіліп жылап алыңыз, бұл сіздің ішкі жан дүниеңізге де пайдалы.
- Ешқашан өзіңізді біреулердің алдында төмен көрсетпеңіз және мен білмеймін деген сөзді айтпауға тырысыңыз.
- Жалғыз қалған сәтіңізде өзіңіздің жүрегіңізге жақын әуенді тыңдаңыз немесе көңіл-күйіңізді көтеретін түстерге қараңыз. Ол түсті сіз не үшін жақсы көресіз?
- Өзіңізге ұнамайтын істен аулақ жүріңіз.
- Бос уақытыңыз табыла қалса, міндетті түрде жәй ғана көзіңізді жұмып, өзіңізді болашақта қалай елестетесіз?
- Егер күнделік жазып жүрсеңіз, тек жақсы әңгімелеріңізді жазыңыз, өкінішті сәттеріңізді жазбауға тырысыңыз, өйткені сіз оны оқыған сайын өзіңізді кінәмшылдыққа итермелейсіз және өзіңізге деген сеніміңіз жоғалады.
- Аспанға соңғы рет қашан қарадыңыз? Тіпті сіз бір сәтке болса да аспанға қарап ойландыңыз ба?
- Өзіңіз дос тұтып жүрген немесе сеніп жүрген адамыңыз болса айтыңыз. Әрқашан ерте жатып, ерте тұруға дағдыланыңыз, бұл сіздің өзіңізді жайлы сезінуге және көңілді жүруіңізге ықпал жасайды. Өмірде кездескен әрбір қиындығыңыз болашақтағы жарқын күндердің жемісі болғай.
- Жаныңызға тыныштық сыйлағыңыз келсе, барынша адамдарға мейірімді және кішігірім болса да сыйлық жасауға тырысыңыз. Ешқашан уақытыңызды құр жібермей үнемі әдемі киініп, жаныңыздағыларға қуаныш сыйлай біліңіз.
Дайындаған: Педагог-психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
М. Оңғарова