Адамзат табиғатпен тығыз қарым-қатынаста. Ол табиғатқа еліктеп небір дүниелер жасап шығарды. Табиғаттан тек материалдық емес, рухани құндылықтарды да алуға болатынын ұмытпаған жөн. Мысалы, жыландар бауырмен жорғалайды, сипап сезу мүшелері жоқ, көру қабілеті төмен. Бірақ, ол – жыртқыш. Сіз де аянбаңыз, қолыңызда бар мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
1. Абдан (арыстанның баласы) секілді. Олардан алатын сабақ «тәуекел ету» деп аталады. Олар үйренгенді, көргені көп үлкендерден тәлім алғанды жақсы көреді. Олар ойларын сөзбен емес, іспен дәлелдейді. Өздері кішкентай болса да, бір аңды аулау үшін басын қатерге тіге алады. Сіз де тәуекел етуді үйреніңіз. Жетістікке жету үшін өзіңізге қымбат затты құрбан ете білу керек.
2. Балықтар секілді. Бұл әдіс «ағысқа қарсы» деп аталады. Балықтар ағысқа қарсы жүзеді. Сонда ағыспен бірге азық та, оттегі де келеді. Олар өзіне керектісін жібіріп алмау үшін ағысқа қарсы жүреді. Ал адамдар күнделікті тұрмыста, қатып қалған қағидамен өмір сүреді. Олар тек жайлы жерден алыстағысы келмейді. Өмірде лоторея билетінсіз ұтыскер атанғысы келеді. Бірақ ол үшін жағдайды өзгерте білу керек қой. Демек, балықтар секілді өзіңізге керек дүниені алғыңыз келсе, бағытыңызды өзгертіңіз. Себебі, өз өміріңіз – өз қолыңызда.
3. Тоқылдақтар сияқты «нысананы дәл белгілеу» керек. Олар өзге құстар секілді жемін жерден іздемейді, оңайлықпен таппайды. Ағашты бір тескеннен керегімді аламын демейді. Бір әрекетті қайта-қайта қайталап, яғни бір жерді тұмсығымен ұрғылай береді. Осылай жасаса ғана өзіне қажеттісін табады. Сіз де өз дегеніңізді алу үшін мақсатыңызды дәл айқындаңыз. Ойыңыз сан-саққа кетіп, жүйеленбей, бір ізге түспесе, сіздің миссияңыз орындалмауы мүмкін.
4. Төбеттер секілді. Бұл әдіс «бірінші» деп аталады. Иттер «мені алдымен үйіңе апар, жуындыр, тамақ бер» демейді. Олар иесіне бірінші болып еркелейді. Иесі оның еркелігіне сүйсініп, басынан сипап, азығын беріп, көңілін аударады. Сол секілді сіз де өзге адамдарға ойыңызды, ілтипатыңызды бірінші болып білдірсеңіз, сіз де сәйкесінше лайықты жауапты ала аласыз. Бастысы, шын жүрекпен!
5. Жыландар тәрізді. Бұл әдіс «налымау» деп аталады. Жыландар бауырмен жорғалайды, сипап сезу мүшелері жоқ, көру қабілеті төмен. Бірақ, ол – жыртқыш. Сіз де аянбаңыз, қолыңызда бар мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Өз-өзіңізге сеніммен қарап, мақсатқа жету үшін күшіңізді аямаңыз. Сізде барлық мүмкіндік бар!