- Негізгі бет
- Психология
- Жаңа танысқан адамның...
Жаңа танысқан адамның атын ұмытып қаласыз ба?
Біз адамдармен танысқан соң онымен әңгіме айтуға ортақ тақырып таппай қиналатынымыз бар. Жаңадан танысу көп адамға оңай емес екенін де ескерейік. Осыдан-ақ қарым-қатынас жасау тәжірибеңізді арттыратын материал жазуды ұйғардық. Бастысы – жасандылықтан ада болыңыз.
Қарым-қатынас құру жөнінде жазылған кітаптар болсын, фильмдер болсын сізді көпті білуге үйретуі мүмкін, бірақ сол білімді өмірде қолдануға реті келмеуі мүмкін. Сондықтан да адаммен танысқан соң не істеу керектігі жөнінде кеңес берейік.
↔
Жаңа танысқан адамның атын ұмытып қаласыз ба? Бұл сіздің үлкен қателігіңіз. Себебі танысқан адамыңызға қарата сөйлегенде атын ұмытсаңыз оның ойында сіз оған назар аудармағаныңызды, маңызды адам ретінде көрмегеніңізді көрсетесіз. Және бұл мәдениетсіздік.
↔
Адаммен танысқан кезде ол туралы маңыздырақ болып көрінген ақпаратты ұялы телефоныңызға немесе жеке күнделігіңізге жазып алыңыз. Маңызды мәселе ретінде телефон номері, хоббиі, сүйіктісі, мамандығы, жасы, денсаулығы сияқты тағы да басқа мәліметтер қарастырылуы керек. Адаммен ресми түрде сөйлескенге қарағанда, оның жұмысын, сүйіктісін сұрап амандасу қарым-қатынастарыңызды жақындата түседі. Ал кейінгі бір кездесулерде оның сүйікті футбол командасы қалай ойнағаны жайлы сұраңыз. Мұндай жекелік ақпараттар жаңадан танысқан адамның еш қысылмай, өз досындай қабылдауының алғашқы қадамы.
↔
Бірақ ақпаратты алуда да журналистер секілді сұрақтың астында қалдырмай, ортақ әңгіме барысында біліп алыңыз. Ал кейде сіздің сұрағыңыз да оның көңіліне тиіп немесе ыңғайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін. Мәселен, «Ата-анаңыз қайда тұрады?» деген сұраққа жетім өскен адам қалай жауап бермек? Жұмыстан шығып қалған адамға «Қай жерде жұмыс істейсіз?» десек не болады? Ал қыз баламен танысқанда оның жасын сұрасаңыз, әңгімелесушіңіз өз өмірі жайлы жеке ақпараттарды бергісі келмеуі мүмкін. Сондықтан да әрбір мәселеге жан-жақтылы дайындықпен келіңіз. Ол туралы ақпарат өзінің сөзінен білінеді, міне, әңгімелесушіні тыңдай білу өнерінің маңызы осында.
↔
Адаммен танысқан соң онымен вируалды әлемде сөйлесіп көріңіз. Оның жазу мәнерін бақылаңыз. Егер жаңа танысқан адам өз эмоциясын ашық-жарқын смайликтермен жеткізер болса, оған сол мәнерде жауап қайтаруға тырысыңыз.
↔
Айтқыңыз келген ойды анық, ашық жеткізіңіз.
↔
Өзіңіздің қызығушылықтарыңызды жасырмай айтыңыз.
↔
Жаңа танысқан адаммен сөйлесу барысында қандай да бір мәселеге байланысты пікірін сұраңыз. Адамның пікіріне қызығушылық таныту – оның сізбен емен-жарқын сөйлесе бастайтынына алып келеді. Ескеретін бір жәйт, қозғалатын тақырып күмәнді немесе ұрыс-керіс жайлы болмауы керек.
↔
Өзіңіз ғана түсінетін терминдерде немесе өзіңізге белгілі әзілдерді айтудан сақ болыңыз. Егер орынсыз әзіл айтар болсаңыз әңгімелесушіңіз ренжіп қалуы да мүмкін.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: vk.com
А. Құлтай