- Негізгі бет
- Психология
- Жаңа өмір бастау...
Жаңа өмір бастау үшін бізден кеңес
Жаңа өмірдің парағын ашып, ойымды да, бойымды да түзеймін деген арулар Массагеттен көптеген кеңес алған болар. Өмірлік қағидаға айналар ескертпелер мен сындар да аз болған жоқ. Біршама қыздар тағдыры туралы сыр шертіп, құпияларымен де бөлісті. Сіздердің назарларыңызға осы жылы жарық көрген, келер жылы жадыңызда жүретін кеңестерді жариялап отырмыз.
Әр адам бақытты болу үшін өз-өзін жақсы көру керек екенін анық біледі. Алайда көбі бұған қалай жетуге болатынын білмейді. Олай болса әйел бақытты болу үшін не істеу керек?
Біз өмір сүретін XXI ғасырда жасандылық өте көп. Екінші бір адамға ұнау үшін бетперде киюге дайынбыз. Кейде мақсатымызға жету үшін осылай жасаймыз. Бірақ өзін шын мәнінде жақсы көретін бойжеткендер өзін ерінің көңіл-күйімен байланыстырмайды. Бұл оның қас-қабағына қарамай, ашуланған кезінде күле білу немесе керісінше жасауға болады деген сөз емес. Бұл – қоғамның пікіріне деген тәуелділіктен арылу. Өзіне сенімді бойжеткен қандай болады деп ойлайсыз? Олар өсек айтпайды, жүрегін тыңдайды.
Біздің ішкі күйіміз жанымызға ғана емес, ағзамызға да қандай да болсын бір әсерін тигізеді. Сіз осыған дейін күйзеліске ұшыраған адамның шашы жиі түсетінін біліп пе едіңіз? Ал кешірімнің денсаулыққа тигізер 5 пайдасы барын ше?
Махаббат ғадауатында қандай қателіктерге бой алдырмау керек? Еркек пен әйел – екі бөлек жаратылыс, екі әлем. Әйел адамның мазасын алып, түн ұйқысынан айыратын мәселеге ер адам бей-жай қарап, мән бермеуі мүмкін. Біз, нәзік жандылар, әу бастан әлсіз болып жаралғанбыз. Ал қандай әрекетіміз еркектің ашуына тиеді екен? Жігіттерге қыздардың ұнамайтын әрекеттері, қасиеттері туралы оқып көрдіңіз бе?
Екі жасты махаббаттың құдірет күші әлдилеуі үшін махаббатқа да күш керек. Бұл күшті қайрау үшін, сезімге селкеу түсірмеу үшін ғашықтарға мынадай кеңестер ұсынамыз. Махаббаттың неден қорқатынын білесіз бе?
Солтүстік Каролина университетінің ғалымдары қыз бен жігіттің қарым-қатынасын тексеріпті. Олардың зерттеуіне сүйенсек, ғашықтардың сезімдері ыстық және махаббаттары берік, өздері бақытты екендігін көрсететін бір деталь бар. Ол - күлкі.
Қыздар бірінші болып сезімін білдіріп, іңкәрлік танытса, ерлер үшін бәрі аспаннан түскендей оңай орындалып, олар әйелге тән паңдық, наздық қасиетін аңғара алмай қалады. Бұл шындықты еркектердің 99 пайызы бас шұлғи мойындайды.
Көптеген мамандық әйел адам не ер адамға лайық деп бөлінбейді. Әйел адамдар ердің ісін, ерлер әйелдің ісін жасай алатыны бәрімізге мәлім. Алайда кейбір қызметті ерлерден гөрі әйел адамдар жақсырақ атқарады. Осы ретте ер мінезді арулар табысқа жете алуы мүмкін. Ал нәзік қыздарға "қыздарға қандай мамандық ұсынамыз?" атты материалымызды оқып көруге кеңес береміз.
Г. Берік