- Негізгі бет
- Психология
- Жаңа өмір бастау...
Жаңа өмір бастау – келеңсіздік пен керексізді тастау
Быт-шыты шығып жатқан өмірің мен шашылған үйіңнің сенің көңіл-күйіңе әсер етері анық. Өміріңдегі келеңсіздіктер үйіңдегі тәртіпсіздікке қатты ұқсайды. Өз үйін ретке келтіре алмайтын әйел өмірін де реттей алмайды. Ендеше келеңсіздіктерді жоюды керексіздерді тастаудан бастайық.
Дәл қазір орныңнан тұр да, үйде жиналып қалған қоқысты тастап кел!
Аяғыңды қысатын биік аяқ киімдерді қайта кимесең, басқа жаққа жинап қой!
Бір құлағы жұмыс жасамайтын құлаққапты да қиып, қоқысқа таста!
Көнеріп, әрі кете бастаған ескі ыдыстарды қоқысқа тастап обал жасамай, сыртқа қоя сал. Бәлкім әлдекімнің керегіне жарап қалар.
Құрбың әлдекім жайлы сыртынан әңгіме айтып, өсектің бір ұшын шығарып келе жатса, тұтқаны тастай сал!
Бүгін не кеше болған келеңсіздіктерді қайта-қайта еске алып, босқа өкіне берме. Оны да өткеннің еншісіне таста.
Әлдекімді ренжітіп жүрген болсаң, тәкаппарлықты таста да, кешірім сұрап, көңілін тап.
Қолданбайтын ескі косметикалар мен сақтау уақыты өткен дәрі-дермектерді де қоқысқа таста!
«Менің қолымнан ештеңе келмейді», «Мен олай жасай алмаймын», «Мен ешкімге ұнамаймын», «Мен ұсқынсызбын» деген негатив сөздерді аузыңнан алып таста!
Интернетке байланып қалатын әдетіңді де таста!
Киілмейтін киімдер, тарылып қалған джинсылар, тозығы шыққан аяқ киімдер мен басқа да әйелдерге арналған жеке заттарыңды енді қайта пайдаланбасаң, оларды да тастауыңа тура келеді.
Салмақ тастағың келсе, алдымен «Мен семізбін» деген сөзді аузыңнан таста!
Жұмысқа келерде жаман көңіл-күй мен ашу-ызаны сыртқа таста!
Үйге келерде жұмыста жиналған көңілсіздіктерді жол-жөнекей қоқысқа тастай сал!
Қадіріңді білмейтін және сыйламайтын жігітті де таста!
А. Әбілхан