Жаңа өмір бастағым келеді...

Жаңа өмір бастағым келеді...

Күнделікті бір ырғақпен өрілген тірліктен шаршадыңыз ба? Жаңа өмір бастауға ешқашан кеш емес! Апта аяқталған тұста, жаңа өмір бастауға шешім қабылдасаңыз, жаңа аптаға жаңа ойлармен аяқ басатын боласыз. 

"Жаңа өмір бастағым келеді..." деушілерге жеті кеңес ұсынамыз. 

1. Өзіңізді ретке келтіру

Өзіңізді әбігерге салудың қажеті жоқ, бар болғаны мәселені шешуге кірісіңіз. Сымбатыңыз мінсіз болсын десеңіз, салмақты арттыратын тағамдардан бас тартыңыз. Немесе түрлі жаттығуларды орындаңыз.

Теріңізді косметолог маманның көмегімен ретке келтіріңіз. Сізді жаңа шаш үлгісі, маникюр, жаңадан сатып алынған киім түбегейлі өзгертіп жібермесе де, өзгеше көңіл-күй сыйлайтыны анық.

2. Қажетсіз заттардан арылыңыз

Бірінші кезекте киімдеріңізді ретке келтіріңіз. Сәннен шығып қалған, бірнеше жыл бойы кимеген, ұнамайтын киімдеріңізді өзіңізден кіші сіңлілеріңізге сыйлаңыз немесе қоқысқа лақтырыңыз. Кімге ұнаса сол алғаны немесе қоқыстан өз орнын тапқаны жөн. Құрбыларыңыз да қажетсіз киімдерін алып келуіне болатын бастаңғы ұйымдастырыңыз. Артынша жиналған киімдерді қайырымдылық қорына жаратуға болады.

3. Мақсатыңызға бір қадам болсын жақындай түсіңіз

Мысалы, ағылшын тілін меңгергіңіз келді делік. Әрине, 2 аптаның ішінде бір тілді толықтай меңгеру қиын. Оның орнына күн сайын 10 сөзді жаттап отыруыңызға болады. Бастысы – алға қадам жасаңыз!


4. Жаман әдеттерден арылыңыз

Ерік-жігеріңіз жетсе, шылым шегу, тырнақты тістеу секілді жаман әдеттерден арылып көріңіз. Өкінішке орай бұл көпшіліктің қолынан келе бермейді. Сол себепті өміріңізге пайдалы әдетті енгізіңіз. Көп су ішіп, уақтылы ұйықтаңыз. Жаңадан меңгерген әдеттеріңіз өзіңізге ұнайтыны анық. 

5. Кешіріңіз

Ұзақ уақыттан бері ренжіп жүрген адамыңыз болса, міндетті түрде кешіріңіз. Онымен татуласу мен айырылысу мәселесін өзіңіз шешесіз, бірақ, міндетті түрде кешіріңіз. Ішіңіздегі кек пен аурудан арылыңыз. Өткен күндердің жаман елестерінен айырылып, жаңа күнді ақ ниетпен бастауға тырысыңыз.


6. Жаңа бір нәрсе жасаңыз

Бұған дейін нені жасап көрмедіңіз? Өміріңізде мүмкіндігіңізше жаңа тәжірибелер жинақтап отырыңыз. Мысалы, жасап көрмеген тағамды жасау, бұрын-соңды бармаған жерге бару т.б. Қуанышты сәттерді еске түсіру үшін, өміріңізді рахат пен көңілді естеліктерге толтырыңыз.

7. Алдыңызға мақсат қойыңыз

Алдыңызға мақсат қойып, оларға ұмтылып, нәтижесін жүргізіп отыру арқылы тамаша тәжірибе жинақтауға болады. Алдын ала жоспар құрып үйреніңіз. Нені қалайтындығыңызды білгенде, мақсатқа жету де оңай.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Қ. Бүйенбай