- Негізгі бет
- Психология
- Жаңа жылда ашылар...
Жаңа жылда ашылар жаңа қырыңыз (психологиялық тест)
Алдағы жылы өзіңізді жан-жақты зерттеп, бұрын байқамаған қыр-сырыңызды ашуға, оны ары қарай дамытуға талпыныңыз. Бір орында тұрған адам әрдайым артта қалатынын ұмытпаңыз. Ол үшін сізге бүгінгі психологиялық тест көмектеседі. Он шыршаның біреуін таңдаңыз.
1. Келер жылы сіз нағыз интровертке айналасыз. Еңбекқорлық, назарыңызды бір нәрсеге шоғырландыру, шыдамдылық секілді күшті қырларыңыз ашылады.
2. Жыл басында сізді экстраверт ететін ерекше оқиға болуы мүмкін. Қарым-қатынасқа бейім, өте шынайы адам боласыз.
3. Сіздің бойыңызда перфекционистік қасиет оянады. Енді тек ең жақсыға ғана ұмтылып, барлығына талабыңыз күшейеді. Өзіңізге ғана лайық тура жолды табасыз.
4. Бұл шыршаны таңдасаңыз, ойыңыз бен ісіңіз біраз шашыраңқы боп кетеді. Уақытымен жүріп-тұруға мүмкіндігіңіз болмайды. Алайда жаңадан ашылған креативтілік қасиетіңіз сізді тығырықтан алып шығады.
5. Сіз қоғамға қарсы әрекетттерге барасыз. Бойыңызда бұрын болмаған батылдық оянып, өзіңізге еркіндік бересіз. Өз дегеніңізден қайтпас қайсар адамға айналасыз.
6. Алдағы жылы сіз нағыз жаңалықтар жаршысы боласыз. Барлығын жаңашылдыққа үндейтін нағыз жаңа заман адамына айналасыз. Осы қасиетіңіз сізге өмірді дұрыс бағытқа бұруға көмектеседі.
7. Ал сіздің ең жақсы қасиетіңіз – ескішіл бағыттан таймау. Дәстүрлі көзқарастың қолдаушысы боласыз. Алайда көбі сізден жалығып кетуі де мүмкін.
8. Энергияға бай, мақсатына жетпей тынбайтын адам сіздей болсын. Сізді көбі сангвиник деп көреді. Келер жылы алға қойған жоспарларыңыздың толығымен орындап шығасыз.
9. Алдағы жылы өзіндік ұстанымыңызды қалыптастырасыз, бұл сізді түбегейлі өзгертеді. Көпшілік ішінде бірден көзге түсесіз, жаңа таныстар табасыз.
10. Келер жыл сізге бір орында тыншып отыра алмайтын мол қуат сыйлайды. Мұны жақсы жағынан пайдаланып, игі істердің бастаушысы болуға тырысыңыз.
@. @assel_assanova