- Негізгі бет
- Психология
- «Жаңа жыл сезілмейді»:...
«Жаңа жыл сезілмейді»: Жаңажылдық көңіл күйді қалай жасаймыз?
Ересектер арасынан «жаңа жыл сезілмейді» деген сөзді жиі естуге болады. Адамда түрлі себептерге байланысты жаңажылдық көңіл күйі болмауы мүмкін: оған жұмыстың көптігі немесе қаржылық қиындық та әсер етеді. Егер сіздің де жаңажылдық көңіл күйіңіз болмаса, төмендегі кеңестерді байқап көріңіз.
Үйге тазалау жұмыстарын жасаңыз
Жаңа жылға дайындалыңыз. Үйді тазалаңыз, ескінің бәрінен арылыңыз. Бұл интерьеріңізді өзгертуге жақсы кез. Мысалы, көптен бері жаңа жапқыш алғыңыз келіп жүрсе және мүмкіндігіңіз болса, қазір алуға тырысыңыз. Қажет емес заттардан арылу — жаңа жылдық көңіл күйді шақыруға алғашқы қадам.
Үйді безендіріңіз
Жаңа жыл жанып тұрған гирлянда, жылтырақтар және безендірілген шыршамен ассоциацияланады. Сондықтан үйіңізді жаңа жылға дайындаңыз. Бұл позитивті ойлауға көмектеседі және өміріңізге ашық сәттер сыйлайды. Мысалы, өзіңіз қолдан сурет салып, оны көрінетін жерге іліп қойыңыз. Сурет салу процесінің өзі проблемалардан алаңдауға көмектеседі.
Достарыңызбен кездесіңіз және туыстарыңызға қонаққа барыңыз
Жаңа жыл отбасылық мерекелердің бірі болып саналады. Сондықтан достарыңызды кездесуге шақырып, жақындарыңызға жиі қонаққа барыңыз. Көптен бері сөйлеспеген адамға хабарласып, жаңа жылмен құттықтаңыз. Егер жақын адамыңызбен жанжалдасып қалған болсаңыз, бұл барлық реніш жайлы ұмытып, қарым-қатынасты реттеуге жақсы уақыт.
Сыйлықтар жайлы ұмытпаңыз
Жаңа жылды сыйлықтарсыз елестету қиын. Достарыңыз бен жақындарыңызға жағымды сувенирлер дайындап қойыңыз. Олардың қымбат сыйлық болуы міндетті емес. Өзіңіз жайлы да ұмытпаңыз. Өзіңізге бір нәрсені қимай жүрген болсаңыз, оны сыйлық ретінде алыңыз.
Музыка мен кино сиқырын пайдаланыңыз
Үйіңізге жаңажылдық көңіл күй кіргізу үшін жаңажылдық музыка қосу жеткілікті. Жиі жаңажылдық музыка тыңдауға тырысыңыз. Сол кезде қиындықтарға қарамастан, қалай мерекенің келуін күтіп жүргеніңізді байқамай қаласыз. Әрине, сондай-ақ жаңа жыл атмосферасын сыйлайтын кинолар қарауды ұмытпаңыз.
Ароматерапия жасаңыз
Жаңа жылдың басталуы көпшілікте нақты хош иістермен сәйкестендіріледі. Мысалы, даршын, кардамон, мандарин және т.б хош иістер. Сондай-ақ шамдар алуға болады.
Жаңажылдық кештерге барыңыз
Жаңа жылдың алдында үйде отыра бермеңіз. Оны белсенді қарсы алуға тырысыңыз. Мысалы, таза ауада жиі серуендеңіз, достарыңызбен кездесіңіз және түрлі шараларға қатысыңыз. Жаңа жыл қарсаңында жәрмеңкелер, концерттер және басқа да шаралар өткізіледі.
А. Жапатова