Жаңа жылда пайдалы әдеттерге дағдылану – керемет идея. Әсіресе, жақындарыңызбен бірге әрекет етсеңіз, әрбір отбасы мүшесі өзіндегі жауапкершілік сезімін арттыра алады.
Бірге жаттығыңыз
Ересек адам аптасына 150 минут орташа қарқынды жаттығу (немесе 75 минут жоғары қарқынды жаттығу) жасауы тиіс. Балалар күніне бір сағаттай физикалық жүктеме алуы керек.
Көп адам бұл ережені елемейді. Алайда, физикалық белсенділіксіз адамдар жиі ауырады және нашар ойланады. Жалпы, уақытылы физикалық жаттығу жасап жүрген адамдар өздерін бақытты сезінетін болады. Спортпен айналысу эндорфиннің (қуаныш гормоны) бөлінуіне ықпал етеді, ал бақытты естеліктер отбасыны берік ете түседі. Сондықтан бұл маңызды шешімді қабыл алып, бірге спортпен айналысуды бастаңыз. Мысалы, қыс мезгілінде отбасы мүшелері бірге коньки, шана, шаңғы тебуге жиі баруға болады. Ата-ана белсенді болса, балалары өмір бойы дұрыс әдеттерге бейімді болады.
Дұрыс тамақтаныңыз
Бұл дұрыс тамақтану ережелерін мүлтіксіз орындау керек деген сөз емес, жай қазіргіге қарағанда дұрысырақ тамақтануға тырысыңыз. Себебі балаларыңызға фастфуд жеуге тыйым салып, күнде суға піскен қарақұмық пен буға піскен котлет берсеңіз, олардың көңілінен шықпайтыны анық. Сіз де мұндай өмірден шаршай бастайсыз.
"Дәмді" тағамдарға тамақтану үлесіңіздің 20%-ын беріп, қалған 80%-ын пайдалы үйлесімді тамақтар құрауын қадағалаңыз. Әр тамақтануыңызға көкөністер мен жемістер қосыңыз. Газдалған сусынның орнына су ішіңіздер. Отбасылық диета дұрысырақ болуы үшін жаңа әдеттерді біртіндеп қосуға тырысыңыз. Тамақ дайындау процесіне барлық отбасыны қосыңыз: балаларға әр өнімнің пайдасын түсіндіріңіз. Сонымен қатар, бірге уақыт өткізу отбасыны жұмылдырады.
Бақытты қарым-қатынастың құпиялары
Бірге көбірек уақыт өткізіңіз
Бірге сырғанаққа бару, саябақта серуендеу, киноға бару – мұның барлығы ішкі әлеміңізде не болып жатқанын анықтауға баға жетпес мүмкіндік береді. Яғни, жақындарыңыздан қолдау мен түсіністік ала аласыз. Ол үшін жай ғана ұялы телефондарыңызды сөндіріп, қасыңыздағы адамдарға мән беріңіз.