- Негізгі бет
- Психология
- Жаңа жыл біздің...
Жаңа жыл біздің психикамызға қалай әсер етеді?
Жаңа жыл адамдарға әртүрлі сезім береді. Біреулер жағымды естеліктерді еске алса, басқалары мерекенің жақындауымен мұңая түседі. Ендеше, жаңа жыл адамдар психикасына қалай әсер етуі мүмкін?
Ностальгия сезімін оятады
Жаңа жыл адамдарда жиі ностальгия сезімін оятады. Әсіресе,ол ата-анасының отбасысында болған дәстүрлерді сақтайтын адамдарда пайда болады.
Ностальгиялық естеліктер адамға буыннан буынға өткендегі жалғастық сезімін сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ олар қуануға көбірек себеп табуға көмектеседі.
Мания пайда болады
Жаңа жыл жағымды емес психологиялық әсерлер де беруі мүмкін. Мысалы, мания пайда болады. Бұл шамадан тыс белсенді болу және қозу кезеңі. Ол жеті күннен аса уақытқа созылуы мүмкін. Ол жиі мерекелік күйзеліс фонында пайда болады. Яғни, ол сыйлықтар сатып алуға, туыстармен және достармен кездесуге және барлық жұмыстарды аяқтауға үлгергіңіз келгеннен мания пайда болады.
Бұл бір қарағанда өмірге зиянсыз көрінуі мүмкін. Алайда көпшілік адамдар мұндай кезде эйфория сезімінен бөлек ашуланшақтық, зейін қоя алмау, аз ұйықтау және ақша жұмсауға бейімділік байқайды.
Жақындармен байланысыңыз жақсарады
Жаңа жылды адамдар, әдетте, жақындарымен қарсы алады. Олар жайлылық, қауіпсіздік, қамқорлық, махаббат сезімдерін сезеді. Бұл адамдар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына ықпал етеді.
Мерекелік атмосфера мен жаныңызда жүрген жақындарыңыз адам ағзасын окситоцин бөлуге мәжбүрлейді. Ол "аналық әрекетке", яғни қамқорлық, құштарлық, сенімге жауап береді.
Жалғыздық сезімін сыйлайды
Көпшілік адам үшін мереке өзін жалғыз сезінуге себепші болады. Әсіресе, серігінен айырылған немесе ажырасқан адамдар жалғыздықты қатты сезеді.
Бірақ жылғыздықты өмірінде бәрі жақсы адамдар да сезеді. Ол былтырғы Жаңа жылдағы жаман тәжірибемен байланысты болуы мүмкін. Алайда былтырғы мерекедегі жағымды тәжірибе де жалғыздық сезімін тудыруы мүмкін: мысалы, егер адам былтырғыдай компаниямен қарсы ала алмайтындығын ойлайды. Отбасысы бар бола тұра, жаңажылдық отырысқа өзі ғана дайындалатын адамда да жалғыздық сезімі пайда болады.
Бақытты бола түседі
Жаңа жылда адамның өзін бақытты сезінуіне әсер ететін тек жағымды орта немесе сыйлықтар емес. Мерекелік декорациялар да позитивті сезімдер сыйлайды. Түрлі түсті безендірулер көңіл күйге әсер еберді. Түстік терапия тұрғысынан, олар бақыт гормоны - дофамин мен серотониннің бөлініп шығуын ынталандырады.
Жаңажылдық көңіл күйіңіз болмаса, мына материалға өтіңіз.
А. Жапатова