Дежа вю құбылысы әркімге таныс, бірақ ол жайлы нақты фактілер аз. Оның пайда болуы түсініксіз, бір сәтте өтетін күй. Өзінен кейін тек біреудің: "Жаңа ғана дежа вю басымнан өтті!!!" деген таңданған сөздерін қалдырады.
Сонымен дежа вю деген не? Оның пайда болуы жайлы бірнеше теориялармен таныс болыңыздар.
Нейронды разрядтар
Ғылыми дәлелденген: эпилепсия ауруына шалдыққандар дежа вю сезімін жиірек өткереді екен. Бұл ашылу тылсым құбылысты зерттеудің басы болды. Эпилептикалық талықсу кезінде мидағы нейрондардың электрлік белсенділігі күрт өзгереді. Нейронды белсенділік бір сәтте мидың бәріне тарап, ұзақ мерзімді ес сақталатын бөлікке қатты әсер етеді. Сол себепті эпилептиктер талықсу алдында дежа вю сезімін жиі өткереді екен.
Есте сақтау қиындықтары
Сау адамдардың дежа вюге шалдығуы есте сақтау қабілетінің қиындықтарынан болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ес жүйелері жаңа ақпаратты қабылдау кезінде бірін-бірі түсінбей қалуы ғажап емес. Ақпарат қысқа мерзімді есте сақталмай, бірден ұзақ мерзімдіге барып қалса, жаңа болған дүниелер кезінде сіздің басыңыздан өткен болып елестейді.
Таныс ұсақтар
Дежа вю туралы тағы да бір теория жаңа оқиғадағы кейбір ұсақ-түйектердің таныс болуы, сол құбылысты толығымен болған деп қабылдай алуыңыз мүмкін деп айтады. Мысалға сіз мүлдем болмаған жердің интерьері таныс болса, сіз бұл жерде болдыңыз деп ойлап қаласыз.
Әрине бұл көзқарастар тек теория жүзінде. Алайда ғылым күннен күнге дамып, бір күні адамның санасындағы қиын құбылыстарға түсіндірме бере алады.
Ал сізде дежа вю болды ма?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: dailywicca.com