Жан тыныштығын орнатуға көмектесетін психологиялық әдістер

Қазіргідей қарқынды өмір барысында жан тыныштығын орнатуға көмектесетін психологиялық әдістер бар. Олар дағдарыс пен мидағы хаостың асқынған кезеңінде жан тыныштығын сақтауға көмектеседі.

№1. Бәрін бақылап отыруды азайту

Біз көбінесе бәрін бақылауға тырысамыз. Бұл энергияны өте көп сіңіреді, оның үстіне еш пайдасы жоқ. Бізді бұл моральдық тұрғыдан әлсіретеді, денсаулығымыз нашарлайды, және өнімділігіміз төмендетеміз. Сондықтан тыныштық орната білуді үйрену үшін біз әсер ете алмайтын, яғни басқара алмайтын нәрселер туралы білу маңызды. 

Сіз басқара алмайтын және назарыңызды тым көп алатын қажетсіз нәрселердің тізімін жасаңыз. Бұл жағдайға сырттай көз жүгіртіп: бұл жағдай мен ойлағандай маңызды ма? Егер мен бұл мәселені шеше алмасам не болады? Бұл жағдайда мен не істей аламын? деген сұрақтарға жауап іздеп көріңіз. Сіздің әсер ету мүмкіндігіңіз жоқ дүниелерге бос бас ауырпаңыз.

№ 2. Тән саулығының маңыздылығын ұмытпаңыз

Біздің миымыз өте жалқау, және ол әдетте 24/7 жаттанды сұрақтар бойынша жұмыс істейді, басқаша айтқанда, ол бірнеше ойды шеңбер бойынша айналдыра береді. Біз мұны байқамаймыз, бірақ бұл бізді қатты шаршатады. Әдетте миымыз стресс жағдай туралы ойды басымызға оралта береді. Қандай да әріптесімен болған жанжал, теледидардағы жағымсыз жаңалықтар, отбасылық мәселелер секілді негитив ойларға жетелей береді. Сіз үнемі соны ойлай отырып, басыңызда түрлі сценарийлер құрастырып аласыз. Бұл карусельді тыныштандырудың жақсы әдісі - өз денеңізге назар аудару. Бұл миға үзіліс береді. Күн сайын денеңізді қарап шығуға 10 минут бөліңіз. Әр мүшеге назар аудара отырып, аяқ, қол, арқа, беттеріңізді қандай күйде екенін зерделеңіз. Денеңізге массаж жасаңыз, оны сергітетін лосьонмен сүртуге болады. Мидағы ойдың хаосынан физикалық сезімге ауысу арқылы сіз стресстен арыласыз.

№ 3. Софрологиялық жаттығулармен немесе когерентті тыныс алумен айналысыңыз

Софрология - бұл дене сезіміне бағытталған және демалуға көмектесетін қарапайым физикалық қозғалыстар кешені. Бұл тәжірибе медитацияға кіру қиынға түсетіндердің сергуін жеңілдетеді. 

Егер сізге бұл тым ғылыми әдіс секілді көрінсе, қарапайым медитация жаттығулары да демалуға көмектеседі. Мысалы, ыдыс жуған кезде қолыңыздан су ағып жатқанын, сабынның иісін немесе ас құралдарының дыбысын сезінуге тырысыңыз. Душ қабылдау немесе таңғы ас дайындау арқылы «медитация» жасауға болады. Бұл, атап айтқанда, қазіргі сәтпен өмір сүруге және ойды  шашыратпауға мүмкіндік береді.

Софрологияға немесе медитацияға ұқсас тағы бір тәжірибе - когерентті тыныс алу. Бұл мазасыздықпен күресудің тамаша құралы. Когерентті тыныс алу - тыныштықты тез қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қарапайым тыныс алу жаттығуы. Бұл тыныс алу кезінде стресс кезінде пайда болатын кортизол деңгейі біртіндеп төмендейді.

Жаттығуды кез келген позицияда және тіпті жолда жасауға болады.

Мойын мен иығыңызды мүмкіндігінше босаңсытыңыз. Мойын мен иық бұлшықеттері де тыныс алу процесінің бөлігі болуы керек.

Мұрынмен баяу дем алыңыз, беске дейін санаңыз, осылайша іш көтеріліп, кеуде қозғалыссыз қалады.

Беске дейін санап баяу дем шығарыңыз, ауаны шығаруға және өкпені мүмкіндігінше босатуға тырысыңыз. Дем шығару дем жұту сияқты тыныш  қалыпта жасалуы керек.

Терең тыныс алу миға оттегінің берілуін арттырады және парасимпатикалық жүйке жүйесін ынталандырады, сіз тынышталасыз. Кез келген тыныс алу техникасы сізді алаңдаушылықтан алшақтатуға көмектеседі.

№ 4. Позитивті визуализацияны үйреніңіз

Кейде қанша тырысқанымызға қарамастан, ойлар мазалауын қоймайды. Нәтижесінде біз босаңсып, шын мәнінде маңызды нәрселерге - жұмысымызға немесе жақындарымызға көңіл бөле алмаймыз, олар қазір қамқорлық пен назар аударуды қажет етеді. Позитивті визуализация арқылы теріс ойдан арылуды үйренуге болады.

Бұл қарапайым жаттығуды кез келген жерде жасауға болады. Табиғаттың немесе өнер туындыларының әдемі көрінісі бар альбомды немесе компьютерді ашыңыз. Жақсы нәрсені еске түсіретін фотосуретке қараңыз. Сол сәттегі иістерді, дыбыстарды, сезімдерді есте сақтаңыз. Бұл сізге күнді жақсы өткізуге көмектесетін позитив күй сыйлайды.