Жаманды жақсымен жеңуге болады

Әрбір эмоцияның жақсы да жаман тұстары бар. Осы екі қасиетінің арқасында оларды қажет кезде тежей аламыз. Мысалы, біреуді жек көрсеңіз, оған қарама-қарсы махаббат, мейірімділік, кешіру секілді жағымды қасиеттерді еске алыңыз. Еске алып ғана қоймай, жүрегіңізбен сезіне біліңіз. Бастапқыда қиын болғанымен, артынша үйренісіп, кез келген жағдайда іске қосатындай дәрежеге жетуге болады. Бұл әдіс кез келген жағымсыз эмоцияға әсер етеді.

Егер сүйіктіңізді қызғанып тұрған болсаңыз, қарам-қарсы сенімділік эмоциясын іске қосыңыз. (Махаббат екі жастың бір-біріне деген сенімділігінің арқасында сақталады). Ал егер күйзеліске тап бослаңыз, осыған дейін өткізген бақытты күндеріңізді есіңізге алып, көтеріңікі көңіл-күйге ие болыңыз.  


Барлығы сіздің қабылдауыңызға байланысты. Қиын жағдайларды біреулер уақытша сынақ деп түсінсе, екіншілері кедергі, аяғымның астына әдейі қойылған тас деп түсінеді. Біріншілері әрдайым алға жүріп жетістіктерге жетеді. Бір рет сүрініп, екінші рет қайталамауға тырысады.

Кез келген жағымсыз эмоцияға махаббатты қарсы қоя аламыз. Махаббат – барлығының емшісі.


Естеліктер мен жағымды эмоциямен емдеу тәсілін ежелгі медицинада пайдаланған. Бұл жағдайда жағымсыз эмоциялардың түбегейлі жоғалып кетуі емес, бар болғаны әсем бақтағы арам шөптер секілді шетте қалуы. Бағбандар арам шөптерді жек көріп, үнемі есіне ала бермейді, оларды жұлып қажет өсімдіктерді отырғызады.

Эмоцияларымызда еркімізге көндірудің түрлі тәсілдері бар. Олардың бірі – Седон тәсілі. Мұнымен қатар қарма-қарсы эмоцияларды дұрыс таңдай білген жөн. Қорқыныштың қарсыласы батылдық болса, келесі бір жағдайда махаббат пен сенім болуы мүмкін. Ал ашудың қарсыластары – махаббат, түсіністік, жан ашу, т.б.


Психолог мамандардың айтуынша, бойыңызды жағымсыз эмоциялардың билеп жатқандығын байқасаңыз, өзіңізге: «Мен бұл эмоцияларға қарсы тұра аламын. Қандай жағдайда қай эмоцияны сезінетіндігімді өзім шешемін» деп айтыңыз. Эмоцияларды тежеу процессі төмендегідей жүзеге асады:

1. Өзіңізден: «Мені не сезініп тұрмын?» деп сұраңыз.

2. Өзіңізден: «Осы эмоцияға қандай жағымды эмоцияны қарсы қоюға болады?» деп сұраңыз.

3. Бұдан кейін жағымды эмоцияны бірнеше рет қайталаңыз. Мәселе адам сөзді айтқан кезде, сол сөзге байланысты ақпараттар мен сезімдерді қосымша жинақтайтындығында.

4. Өзіңіз ойлап тұрған позитивті эмоцияны жаныңызбен сезінуге тырысыңыз. Іс-әрекетіңіздің өзгеріп жатқандығын да ойша елестетуіңізге болады. Нәтижесінде қатал да ашуланшақ адам салмақты, мейірімді жанға айналады.

Еркіндік атаулысы әр адамның жүрегінде. Мысалы, сыртқы әсер етуші факторларды ысырып қойып, барынша бақытты болуға болады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен