Жаман түстен айығу жолдары

Жаман түстен айығу жолдары

Естеріңізде болса, түс және түсті жору жайлы осыдан бұрын да жазған болатынбыз. Кейде жаман түстер көріп, ұйқыңыздан шошып оянатын кездеріңіз болатын шығар? Онда сіз төмендегі бірнеше әдісті қолданып көріңіз, бәлкім сіздің үнемі жаман түстер көру жағдайыңызды азайтуға көмегі тиіп қалар.

  1. Жақсы көңіл-күйде болыңыз. Ұйқыдан бұрын теледидарды көру уақытын азайтыңыз. Аяғыңызды жылы суға малыңыз. Бір шыны сүт ішіңіз. Өзіңізге еркіндік сыйлайтын музыка естіңіз. Бойыңызды еркін ұстап, күні бойғы жұмыс немесе басқа да қысымдарды ұмытыңыз. 
  2. Түс – күндізгі тұрмыстың сағымы тектес. Бәлкім тұрмысыңызда сәтсіздіктер болуы мүмкін, сондықтан, осындай мәселелерді қайта-қайта ойға алып, өзіңізге кедергілер жасамаңыз. Оларды жеңуге деген сеніміңіз болсын.
  3. Ұйықтау әдетін дұрыстаңыз. Кей адамдар етпетінен немесе басын бүркеп, екі қолын кеудесіне қойып ұйықтағанды жақсы көреді. Осындай ұйықтау әдеті де жаман түс көрудің бір себебі болуы мүмкін. Сондықтан, ұйқы уақытындағы жату әдісіңізді өзгертіңіз. Өйткені, бұл ұйқы әдеттері ми мен жүрекке оттегі жетіспеуінің себебі болуы мүмкін.
  4. Дәрі ішіп жүрсіз бе? Онда, сол дәрілер туралы түсіндірме парақшасын қайта оқып көріңіз.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: liveinternet.ru

M. Auelkhan