Жалыққан жұмысыңызға қайтадан ғашық болғыңыз келсе...

Жалыққан жұмысыңызға қайтадан ғашық болғыңыз келсе...
Фото: menside.ru

Ғалымдардың статистикалық мәліметіне сүйіенсек, 5 адамның біреуі ғана өз жұмысын жақсы көріп жасайды екен. Махаббатпен жасалған істің қай уақытта болмасын соңы үлкен нәтижемен аяқталары сөзсіз. Кейде, күнделікті шаруадан шаршаған жандар жұмыс ауыстыруға ниеттеніп немесе істеген ісіне немқұрайлы қарай бастайды. Мұның соңы өзіңізді төмендетіп, психологиялық күйзеліспен тынады. Әлі де кеш емес әрекетті жасау үшін сіздерге аз-кем мотивациялық кеңестер беруді жөн санап отырмыз.  

Ең алдымен өзіңіздің болашақта кім екеніңізді жақсылап елестетіп алғаныңыз абзал. Сонда ғана қайда кетіп бара жатқаныңызды көріп, мақсатыңызды айқындай түсесіз. 

Тек қана бастық үшін жұмыс жасап жұрмін деген стереотиптен айығыңыз. Ең бірінші іске кіріспес бұрын басшыңызды клиент тапсырыс беруші ретінде қабылдаңыз. Сонда сіздің қимылыңыз шапшаңдау әрі сапалы болуға бейімделеді. Егер жақсы нәтиже көрсете білсеңіз қаражат жағынан да демеу беруден де қысылып қалмайсыз.

Өзіңізге ұнаған дүниемен айналысуды қолға алыңыз. Әрбір кәсіпке махаббатпен қарап, үлкен жауапкершіліктің тұрғанын сезініңіз. Сонымен қатар жетістіктеріңіз бен өзге жандармен бөлісуді де ұмытпағайсыз. 

Қоғамдағы өзге жандарға деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Әрқашан көңіл-күйіңізді көтеріп жігерленуге тырысыңыз. Бүгін ұйықтар алдында, ертеңгі жұмысқа дайындалуды ұмытпаңыз. Барлығы жақсы болады деп есептеңіз. Сонда ғана шынымен де солай болады. 

 
B. ZHAQSYMBET