1. Таңертең оятқыш шырылдаған кезде сіз …
А) Орнымнан бірден тұрып, жаңа өмір бастауға кірісемін
Ә) Әрең тұрамын
Б) Мәссаған, ол қашан шырылдады? Мен мүлдем естімедім ғой …
2. Төмендегілердің ішінде қай жәндікті көбірек ұнатасыз?
А) Құмырсқа — күнімен, түнімен еңбек етеді
Ә) Мысық — тышқанды аулап болған соң өзіне тиесілі ұйқысын ұйықтайды
Б) Суыр — көктем келгенше ешқандай жұмысы жоқ
3. Ыдысты қаншалықты жиі жуасыз?
А) Күніне бірнеше рет жуамын
Ә) Бірнеше күнде бір рет қана
Б) Ыдыс жуғанды ұнатпаймын
4. Үйдегі ең сүйікті орныңыз қай жер?
А) Компьютерім тұратын жұмыс үстелі
Ә) Керемет хош иісті гельдері бар жуынатын бөлме
Б) Үлкен төсегі бар жатын бөлме
5. Демалыс күндері әдетте не істейсіз?
А) Үй жинаймын, дүкен аралаймын
Ә) Киноға барамын немесе саябақта серуендеймін
Б) Түске дейін ұйықтап, артынша оянған соң теледидар қараймын
6. Досыңыз хабарласып, көшуге көмектесуіңізді өтінді. Сіз …
А) Мен әрдайым көмектесуге дайынмын
Ә) Кейін хабарласатынымды айтамын. Біраздан соң, бәрібір де, келісетінімді хабарлаймын
Б) Ол күні босамайтындығымды айтып, көмектесуден бас тартамын
7. Спорт сіз үшін?
А) Өзімді жаңа қырымнан танытудың мүмкіндігі
Ә) Денсаулыққа пайдалы өнер
Б) Жылына бір рет доппен айызым қанғанша ойнау
Жауабы:
Егер «А» жауабы көп болса: Сіз барлық жерде бір уақытта болып үлгересіз. «Әрдайым дайынмын!» Атты өмірлік ұстанымыңыз бар. Ұзақ уақыт жұмыссыз отыра алмайтындықтан, үнемі бір нәрсемен шұғылданып жүресіз. Ыдыс жуылмай қалу немесе күні бойы диванның алдында жатып теледидар көру сындыларды мүлдем ойға алмайсыз. Арасында демалып қойғаныңыз абзал.
«Ә» жауабы көп болса: «Жарайды сен бірінші жүре берші, мен соңынан барармын».Сізді жалқау деп айтуға болмайды, бірақ барлық іске үлгеріп жүретініңіз шамалы.Бар болғаны өзіңізге ұнаған істермен ғана айналысқанды жақсы көретін жансыз.
«Б» жауабы көп болса: «Ой, ерікпеңдерші!» сөзін жиі айтасыз. Демалыс күні ояна салысымен ас үйге барып, таза ыдыс іздеуге кірісесіз. Үй жинау, мемлекеттік жұмысқа уақытында бару сындылармен мүлдем айналысқыңыз келмейді. Ал сіздің нәтижеңіз қандай болды?