Жалқаулықтың 8 түрі мен белгілері

Кейде қолымда бар мүмкіндікті толығымен пайдалана алмайтын сияқтымын. Бір нәрсені көбірек, жақсырақ жасағым келса, алдымда бұрынғының хас батырындай қасқайып «жалқаулық» тұрады. Арамызда ол батырмен достасқандар көп шығар. Бірақ әрдайым күресе білуіміз керек. Осы мақсатта интернет беттерін, түрлі кітап, форумдарды ақтардым. Нәтижесінде жалқаулықты тек жаман қасиет деп шатастырмауымыз керек екенін түсіндім. Бұдан өзге әркімнің өз жалқаулығы мен белгілері болатынын да анықтадым. Төменде солардың бірнешеуін ұсынамыз.

1. Мотивация деңгейінің төмен болуы. Адам мұны не үшін жасап жүргенін түсенбейді, өзі үшін жасамайды, немесе өзгелер орындайды деген үміті бар. Бұл типке жататын жалқаулықпен тек мотивацияны көтеру арқылы ғана күресуге болады. Яғни бұл расымен де, керек, керек еместігін ойлауды талап етеді. Біреу үшін жасап жүрген болсаңыз, ол адам сіз үшін қаншалықты маңызды екенін ойлаңыз.

2. Жалқаулықтың ең көп таралған түрі – күш-жігердің жетіспеушілігі. Яғни сіз бұл істің қаншалықты маңызды екенін білсеңіз де, оған кірісіп кете алмай жүрсіз. Бұл жерде ең бастысы – бастау. Бастау деген сөз, 50% табысқа кенелгеніңізбен бірдей.


3. Кейбір адамдарда жалқаулық – болмысының стиліне айналған. Олар тапсырманы алып, оны қалай жылдам әрі нәтижелі етіп бітіру керектігін ұзақ уақыт бойы ойлайды. Ал айналадағылар бұл адамды жалқау екен деп ойлайды. Осы жерде ең жаманы - адамның өзгелердің өзі туралы айтқан пікіріне сене бастауы. Шындығында, олар жұмысты мерзімнің соңына келген кезде тамаша орындайды. Яғни 80% тапсырманы 20% уақыттың ішінде орындауға болатынын дәлелдейді.

4. Кейде бір нәрсені істеуге қатты ерінеміз де, артынша оның ешқандай да керек еместігін білеміз. Бұл «интуитивті» жалқаулық деп аталады. Ол ешқашан уақытты үнемдемейді.

5. Фрейд жалқаулықты рахаттанудың бір түрі деп айтқан еді. Сіз жұмыс істеген кезде, оның нәтижесінен рахаттанасыз. Жалқаулық та тура солай. Тек жұмыстың орнында жалқаулық жүреді.

6. Жалқаулық жауапкершіліктен қорыққандықтан туындауы мүмкін. Бұл бала күнімізден қанымызға сіңген қасиетімізбен байланысты болса керек. Яғни ата-ананың балаға жауапкершілікті талап ететін жұмысты ұсынбауы. Бірақ өзімізді әрдайым өзгертуге болатындығын еш уақытта ұмытпаңыз.


7. Жалқаулықты міндетті түрде негативтілікке ие деп түсінбеңіз. Ол ағза шаршауын алдын ала тежеуге бағытталған реакциясы болуы мүмкін. Мұны ұстанымға айналдырып жатудың да қажеті жоқ. Өйткені еш нәрсе істемеген адам қалай шаршайды? Аталған жағдайда бар болғаны демалып алған жөн.

8. Бұдан өзге «Жалқаулық – құбылыстың двигателі» деген ұстаным бар. Жұмсақ диванға жатып теледидар көруді доғарсаңыз, бұл жалқаулықтан құтылуға болады.  

Ал сізде қандай жалқаулық түрі кездеседі?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: rudaki.ru