Жалқаулықтан қалай арыламыз?

Кезекті материалымызда төмендегі сұрақтардың жауабын іздейміз:

1. Жалқаулық дегеніміз не?

2. Оған деген көзқарасыңыз қандай?

3. Жалқаулануымыздың себебі неде?

4. Жалқаулығыңыз сізге не айтқысы келеді?

5. Жалқаулықтан қалай арылуға болады?

6. Толықтай арыла алмаған жағдайда жалқаулық сезімін қалай азайтуға болады?

Аңызға сенсек, Жоан қайтыс болған кезінде өзі армандағандай әлемге тап болады. Сол сәтте ақ киімді адам жанына жақындап келіп: «Өзің қалаған дүниені талап етуге құқығың бар: тәтті тағам, көңіл көтеру, рахат сезімі», - дейді.

Бұл сөзге риза болған Жоан қалағанын сұрайды. Уақыт өте келе ақ киімділерге тағы бір өтініш айтады:

- Мен қалағанымдай ляззатқа бөлендім. Енді өзімнің пайдамды тигізу үшін жұмыс істегім келеді.

- Саған қатты жаным ашиды. Себебі, бұл жерде жұмыс жоқ. Айтқан өтінішіңді орындай алмаймын.

- Сонда қалай? Мен мәңгілік зерігіп өтпекпін бе? Одан да тозаққа түскенім артық еді ғой...

Ақ киімді адам оған жақынырақ келіп:

- Ал, сен өзіңді қай жердемін деп ойлап жүрсің? - дейді.

Жалқаулықтың не екені туралы ойланып көрейікші.

Белгілі бір істі жасауға зауқымыздың жоқтығын жалқаулық дейміз. "Жалқаулығым ұстап тұр" деу арқылы «бұл істі орындағым келмейді», «мұны жасауға ықыласым жоқ» дегенді айтқымыз келеді. Байқасаңыздар, бізге рахат сезімін аз сыйлайтын іспен айналысар кезде жалқауланамыз. Ол уәжіміз (мотивация) жоқ кезде пайда болады. Уәжіміз аз болған сайын жалқаулығымыз да күшейе түседі.

Мен жалқаулыққа себепші ретінде емес, қиындықтарыңыздың салдары ретінде қарауды ұсынамын. Ол біз айналыспақ болған ісіміздің тек шаршататындығын меңзейді. Мұндайда екі шешім бар. Бірі – айналыспақ болған ісіңізден бас тарту, екіншісі – бұл іске деген қарым-қатынасыңызды өзгерту.

Шешімі оңай көрінгенімен, орындалуы өте қиын. Тіпті, жұмысыңызды өзгертпейінше жалқауланып жүретін кездеріңіз болады. Сол себепті, жаңа жұмыс іздеуіңізге немесе қазіргі жұмысыңызды жақсы көруіңізге тура келеді. Қандай шешім қабылдайтындығыңыз тек өз еркіңізде. Айтпақшы, қиындықтарды бала көңілмен қабылдаудың пайдасы зор. Бірақ, шешімін табуды ұмытып кетпеңіз.

Егер жалқаулықтан мүлдем арыла алмасаңыз, энергетикаңыздың төмен болғаны.

Сонымен, жалқаулық төмендегідей 3 жағдайда туындайды:

- Бір іс жаныңызға жақпағанда;

- Уәжіңіз болмағанда;

- Энергетикаңыз төмендегенде.

Өзіңіз ұнатпайтын істермен айналысу барысында көп энергия жұмсайсыз. Себебі, өзіңізді көндіру үшін де қосымша энергия шығындайсыз.

Ал, энергетикасы мықты адамдар жалқаулық сезімін мүлдем сезінбейді десек те болады.

Ең дұрысы – хоббиіңіздің сүйікті ісіңізге айналуы. Мұндайдан кейін өміріңізде бір күн де жұмыс істемейтін боласыз.

Жалқаулықтан арылуға тырыспаңыз! Мұның ешқандай да пайдасы жоқ. Көз алдыңызға түнде көлікпен келе жатырмын деп елестетіңіз. Бір уақытта бензин таусылып, қызыл түсті шам жанады. Шам жарығы көзіңізге шағылысып, мазаңызды алады. Сіз көлікті тоқтатып, тоқтарды үзесіз. Нәтижесінде, шам жанбайтын болады.

Сіз мәселені шештіңіз бе? Әрине, жоқ. Он шақты километр жүрген соң бензин бітіп, көлік жүрмей қалады. Сондықтан, бірден бензин құйыңыз. Сол секілді сіздің энергияңыз – сіздің отыныңыз болмақ.

Жалқаулықтың салдар екенін тағы да қайталап айтамын. Одан арылу үшін себептен құтылу керек. Ал, себебі сіз айналысып жүрген іспен және сол іске деген көзқарасыңызбен тікелей байланысты. Сіздің жаныңыз «Мен бұл іспен айналысуды ұнатпаймын» десе де, сіз оны зорлап көндіресіз. Ақша табу үшін оны барынша азапқа саласыз. Меніңше, дәл осы тұста өмірімізге үлкен өзгеріс енгізу қажет.

Сіздің күнделікті жұмысыңыз көп екенін жақсы түсінемін. Егер оларды реттей алмасаңыз, бар айып өзіңізде.

Жаныңызға жайлы жұмыстармен айналысу арқылы жалқаулықтан арыла аласыз. Мұнымен қатар, сүйікті ісіңіз арқылы ақша табуға болатындығын ескеріңіз.

Көп адам жұмысқа ақша үшін барады. Біздің өміріміз де ақшаның көмегімен құралған. Бірақ, екі маңызды сәтті ескеріңіз:

1. Жұмыс барлық бос уақытыңызды алмайды. Күніне, міндетті түрде, 1-2 сағат бос уақытыңыз болады. Мұнымен қатар, демалыс күндерін де ескеріңіз.

2. Ақшаны сүйікті ісіңіздің көмегімен де таба аласыз.

Жалқаулық сезімінен толықтай арылу мүмкін емес болса да, төмендетуге болады.

1. Энергетикаңызды көбейтуге тырысыңыз.

2. Тек қана ұнайтын істермен айналысыңыз. Мысалы, театрға баруды ұнатасыз ба, жиірек барыңыз. Достарыңызбен сырласуды ұнатасыз ба, хабарласып тұрыңыз.

Дәл қазір қағаз бен қалам алып, сүйікті істеріңіздің тізімін жазыңыз. Ол істерді орындау арқылы жалқаулығыңыздан арыла аласыз. Іске сәт!

Сурет:rumbur.ru