- Негізгі бет
- Психология
- Жалғызілікті болудың несі...
Жалғызілікті болудың несі жаман?
Өмір жолында әйел заты жалғыздықты таңдайтын сәт туады. Өзінің серігін іздеуден жалыққан кезде, сенімсіз сыңардан бас тартқан мезетте, әйтеуір себеп табылған соң әйел бір өзі қалуды таңдайды.
Бірақ жалғыздықтан әйел игілік табуы ықтимал. Жалғыздық әйелге дамуға мүмкіндік береді. Рухани өсуге жол ашады. Біріншіден, өзіне арнайтын бос уақыт қалады. Оқу оқитын, қызметте өсетін, табысын еселейтін уақыт. Некеде бақытсыз әйелдер жалғызіліктілерге қарағанда психикалық дертке неғұрлым бейім келеді екен.
Сонымен, сіз жалғыз қалдыңыз, неден бастау керек?
Өмірдің мәнін табу керек. Өзіңізді рухани тыныштыққа шақырыңыз. Қайыры жоқ қарым-қатынасты сақтаймын деп шаршап-шалдыққан көңіліңізді көтеріп, демалыңыз, күш-қуатыңызды қалпына келтіріңіз. Өзіңіздің меніңізге үңіліңіз. Қателіктеріңізді сараптаңыз. Елес қуып өмір сүргенді доғарыңыз. Бүгіннің шындығын қабылдаңыз.
Ең бастысы – бақытсыз махаббатыңыз туралы құрбы-құрдастармен, туыстармен әңгімелескенді доғарыңыз. Бос әңгіме өміріңізді жеңілдетпейді. Жалғыздықтан құтқармайды. Қайта керісінше, күйзеліске итермелейді. Бұл сізге керек пе?
Өзіңіздің киім киісіңізді, шаш үлгісін, өзгерте алатынның бәрін өзгертіңіз. Фитнеске жазылыңыз. Бассейнге барыңыз. Би билеуді үйреніңіз. Жаңа көйлек сатып алыңыз. Осындай істермен шұғылданып, көңілсіз ойлардан арылуды көздеңіз. Сонда айнаға қараған сайын көңілді өзіңізді көресіз. Өзіңізді байқауды үйренесіз.
Көрме, мұражай, театр сынды қоғамдық орындарға жиі барыңыз. Адамның танымын кеңейтетін дүниелерге мән беріңіз. Кітапты көп оқыңыз. Жылтырақ журналдарға әуестенбеңіз. Одан да көркем шығарма оқыған абзал. Ол жағымсыз ойдан арылуға септігін тигізеді. Қосымша білім іздеңіз. Мысалы, шет тілін меңгеріңіз, көлік жүргізуді үйреніңіз, тіпті болмаса тамақ жасауды үйрететін курсқа жызылыңыз. Киім тігудің де пайдасы мол. Ең бастысы жаныңызға жағатын іспен шұғылданыңыз. Соған ғана уақыт арнаңыз.
Өзіңіз үшін өзіңіздің бағаңызды көтеру маңызды. Әйелдің өзіне деген сенімі күш-қуаттың қайнар көзі. Баянды болмаған қарым-қатынас сол сенімнен айырады. Мұндай кезде әйел заты өмірден де, өзінен де түңіліп кетеді. Сол түңілуді еңсеру үшін өзіңізді қайта жақсы көріп, қайта бағалап үйренуге тура келеді. Түңілуден тек алға қарай бағытталған қозғалыс құтқарады. Тек өзіңізге аяушылық танытпаңыз. Аяушылық жақсылыққа бастамайды. Адам өзін жақсы көріп үйренуі маңызды. Ал, әйел тартымды болу арқылы, өзгеге ұнау арқылы жайқалады.
Өткен өмірді өткен шақта қалдырыңыз. Өмірді таза парақтан бастаңыз. Тағдыр сізге жаңа мүмкіндік беріп отыр. Соны дұрыс пайдалана біліңіз. Бір есік жабылғанда, келесісі ашылатынын ескеріңіз. Тек көзқарастың бағытын өзгерту қажет. Сонда жаңа мүмкіндікті байқайсыз.
Нені өзгерту керек?
Айналаңызбен, өзіңізбен үйлесімділікте өмір сүріңіз. Өмірдің мәні керекті еркекті іздеуден тұрмайды. Әлемде одан да бөлек көп қызық бар. Сан алуан мүмкіндіктер. Өмірді желісі үзілмейтін саяхат деп елестетіңіз. Осы бос уақытты пайдаланып өзіңіз армандаған іске кірісе аласыз. Өз ісіңізді ашуға, саяхаттауға, жақындарыңызға уақыт бөлуге, өзіңізді жетілдіруге, тағысын тағы. Сіздің алдыңызда бүкіл әлем жатыр. Тек өзіңізге бақытты болуға рұқсат беріңіз.
«Қазір және осында» ұстанымымен өмір сүрудің ғажабын сезініңіз. Әр сәттен жақсылық іздеңіз. Әр минуттың құндылығын біліңіз. Өткенге қарамаңыз. Келешекті уайымдамаңыз. Бүгіннің өз бақыты бар.
Өз қабылетіңізді жетілдіріңіз. Жаңа бастамаларға пейілді болыңыз. Кез келген мүмкіндікті пайдаланыңыз.
Жүрегіңізді жаңаның бәріне ашыңыз. Жаңа әндерді тыңдаңыз. Табиғатты тамашалаңыз. Айналадағы адамдарды зерттеңіз. Сізге қуаныш сыйлаған әр нәрсені есте сақтап қалуға тырысыңыз. Өмір осындай сәттерден тізбектеледі.
Біраз уақыт өткен соң өмірді шынайы қабылдап дағдыланасыз. Өз жұмысыңыздан ләззат алатын боласыз. Ойын-сауықтың өзі басқаша қуаныш сыйлайтын болады. Достармен араласудың жаңа белесіне көтерілесіз.
Көп уақыт өткен соң өткенге сараптама жасай отырып, жалғыздықтан еш ұтылмағаныңызды түсінесіз. Ақымақ болудың, жолың болмаудың басты мақсаты адамның менін дамытудың бір баспалдағы екенін түсінесіз. Өмірге көңіліңіз толған сәтте сыңарыңыз да табылары сөзсіз. Сіз бұл кездесуге дайын боласыз. Рухани толысасыз. Қателіктердің бәрін түсінуге, қабылдауға, түзетуге еш қиналмайсыз. Әр сәттің өзіндік құндылығы барын ұмытпағайсыз. Өмірдің әр сәті қымбат!
Аударған: Шынар Әбілдә
Ж. Жұмағұлов