Сіз жаңа қалаға көштіңіз немесе өзге қалаға оқуға болмаса жұмыс бабымен ауыстыңыз. Таныстарыңыз жоқ. Демек, жалғызсыз.
2. «Мен өзгелерге ұқсамаймын»
Таныс ортада да өзіңізді жалғыз сезінесіз. Өйткені, сіз өзгелер секілді ойламайсыз. Сіздің талғамыңыз басқаша. Өмірлік ұстанымдарыңыз әртүрлі болғандықтан олармен тіл табысу қиын. Осыдан соң жалғыздықты сезінесіз.
3. «Сүйіктім жоқ»
Достарыңыз бен туысқандарыңыздың ортасында да өзіңізді жалғыз сезінесіз. Бұл да жалғыздықтың бір түрі.
4. « Айналамдағы адамдардың маған уақыты жоқ»
Сізді қоршаған адамдар сізге ылғи жылы қарағанымен, сізбен шынайы достық қарым-қатынас орнатуға келгенде үнсіздік танытады.Кейбір достарыңыз сізбен бұрынғыдай араласа бермейді. Өйткені, олардың өз отбасысы пайда болды немесе жұмыстары тым қиын. Сіз тағы да жалғыздықты сезіндіңіз.
5. «Сенімсіз достар»
Кейбір «достарыңызға» сенімсіздік танытасыз. Оған себеп болмаса да, ішкі түйсігіңіз солай кеңес береді. Осылайша тағы да жалғыздықтың құшағына еніп кете бересіз.
6. «Өзіме деген сенімсіздік»
Өзіңізді қандай бір қарым-қатынасқа лайықты деп бағаламау жалғыздыққа әкеледі. Мен сүйікті болуға лайықты емеспін. Мен дос болуға жарамаймын. Дәл осындай ойлар болса арылыңыз.
Жалғыздық деген ұғымды жасап шығарушы – адам. Егер өзіңіз жасап шығарған жалған ойдың құшағында қалып қойғыңыз келмесе, ол ойдан ертерек құтылыңыз. Бақытты өмір сүріңіз...