- Негізгі бет
- Психология
- Жалған стереотип: Жігіт...
Жалған стереотип: Жігіт жылай ма?
Қалыптасып қалған стереотип көп. Мектеп жасынан-ақ жұрттың жаппай бір дендес ойлайтын дүниелері болады. Мәселен:
- Жігіт жыламауы керек;
- Қыздар төбелеспеуі керек;
- Қыз бала отбасын бірінші кезекте ойласа, ер адам сол отбасын материалдық жағынан қамтамасыз етуі тиіс.
- Ер адамның өмірде мүмкіндігі көп;
- Қыз бала өз сезімін бірінші айтпауы тиіс;
- Отбасында тек ер адам жұмыс жасауы керек;
- Ақымақ еркектен ақымақ әйел көп;
- Әйел көлікке мінсе жағдай қиын;
- Мейрамханада еркек есеп айырысу керек;
- Ер адам тағамды қыз баладан да жақсы жасайды;
- Сүйген адам ғана қызғанады;
- Мультфильмді тек балалар көреді;
- Жігіт пен қыздың арасында достық жоқ;
- Қымбат па? Онда сапасы жақсы;
- Адал еңбекпен байып кету мүмкін емес;
- Барлық жігіттер футболды жақсы көреді;
- Елге қызық зат саған да қызық;
- Қыз бала 25-тен асқан соң тұрмысқа шықпаса жағдай қиын;
- 90-60-90 барлық жігіттің арманы;
- Қытайдан келген киімнің бәрі де сапасыз;
- Мереке кезінде ғана сыйлық немесе гүл беру;
Әрқайсымыз да дәл осындай түрдегі көптеген стереотиптерді білеміз. Осындай түсініктердің оң әсерін білеміз, ал зиянды әсерлерінен хабарымыз бар ма? Расында да, екеуара жанжал, түсініспеушілік, тіпті ажырасуға дейін апаратын да осы жалпылама түсінік екенін ұғайық. Ал тіпті де, стереотиптердің кесірінен адамның түрлі психологиялық ауруларға ұшырау мүмкіншілігі де бар. Түптеп келгенде, стереотиптер жаңалықты қабылдауға кері әсерін тигізеді. Сондықтан адам баласы қате тұжырымсыз өмір сүруі керек-ақ.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: rmiargentina.com
А. Құлтай