- Негізгі бет
- Психология
- Жалған жұмысбастының қулықтары...
Жалған жұмысбастының қулықтары
Сіз әлдебір мекеменің басшысысыз делік. Жұмысқа қабылдаған маманыңыздың жұмыс орнында шын мәнінде немен айналысып отырғанын қалай білуге болады? H&F бұл сұраққа жауап бере алады.
Қоластыңыздағы жұмысшылар жұмыс процесі қызып жатқандай әсер қалдыру үшін біршама қулықтарға барады. Тіпті ештеңемен айналыспаса да, жұмыстағы маңызы басым келетін қызметкерлер де болады. Мұндай адамды қалай әшкерелеуге болады?
Түнгі хаттар
Бернард Ю, Bombfell.com сайтының жасаушысы
Бұл қулықты бір банктың басшылығы бірнеше жыл бойы қарастырған. Ең бірінші кезекте жұмысбасты болып көріну үшін олар дәліздермен жылдам жүрген. Олар бұл әрекетімен тіпті дәретханаға да шығуға уақыты болмай жатқанын көрсеткісі келді.
Олар Outlook сервисінің қызметін пайдаланды. Бұл қызмет арқылы түнгі немесе таңғы төрттің шамасында хат жіберуге мүмкіндік бар. Алдын ала қай уақытта қандай хатты қандай адамдарға жіберетінін белгілеп қойса болғаны. Оның тіпті түнде де уақыты тығыз екенін көрсетеді. Мамандар жұмыс орнында шаршаңқы көңіл-күймен ауыр демалатын болған, қаламсапты құлаққа қыстырып қойған. Ал әлдебір ойын немесе видео көру сәтін ешкім біліп қоймас үшін клавиатураны бос соққылай берген.
Қолдағы бума қағаз
Русс Дэвис
Мен 70 жылдары әскерде дәрігер болдым. Сосын мені басқа базаға ауыстырды. Бір артиллериялық бөлімшеге жазылдым. Ал онда тағы бір дәрігер болды. Оның ісін жалпақ жұрт түсінбейтін болғандықтан, жұмысының түгелдейін қиындатып, әдейі тынымсыз шауып жүргендей көрінетін. Мәселен, ол дәлізде қолына бір бума қағаз ұстамай жүрмейтін.
Ол өзінің бұл қылығын былай түсіндіреді: қолымда бума қағаз жүрсе, ешкім маған өтініш немесе арыз айта алмайды, себебі қолым бос емес. Таңғаларлығы, оның сөзі шындыққа айналды. Екеуміз бірде барлық базаларды араладық. |
Оның қолында қағаз. Менде дым жоқ. Сол аралау барысында барлығы маған тапсырма береді де, ал өте маңызды әрі сіркесі су жұқтырмай жүрген оған ешкім де ештеңе демейді.
Электронды қондырғылар
Аноним
Мен алғашқы жұмысымда студент болғандықтан, курстық жұмыстарымды жұмыс кезінде жазатынмын. Басшылшық менің қандай іспен айналысып отырғанымды сезіп қоймауы үшін өзіме керекті кітаптың барлығын да PDF форматта оқитынмын. Мені ешкім байқай қоймады. Онысымен қоймай, менің ылғи да жұмысты компьютер алдында өткізетінім үшін мақтайтын, бірақ мен сол жұмыста аптасына 10-20 сағат бойы өзге істермен айналысатынмын.
Маңызды «түр жасау»
Джон Миксон
Мен әлдекіммен жұмыс жайлы сөйлесіп жатсам, ешқашан да күлмеймін. Бұл менің жұмысқа деген ынта-жігерімді көрсетпейді. Себебі күліп сөйлесе бастасаң, жұрт сенің істейтін ісің жоқ екен деп ойлайды.
Тағы да қағаз Аджай Мурали Егер жұмыста өзің туралы жақсы сипаттама қалыптассын десең мониторға бір қарап алып, өзің болсаң қағазға бір шимайларды жазып отырсаң сол жеткілікті. |
Жұмыс орнындағы түскі ас
Ким Мозер
Егер телефон шырылдап қалса, тұтқаны көтерген соң «Мен әкімшіліктен қазір келдім» немесе «Сәкен, менің жұмыс столымдағы қағаздарды алып кет» дей салсаңыз бітті, телефон тұтқасының арғы жағындағы әңгімелесушіңіз сіз туралы тек жақсы ойлар құрады.
Ал кейде компьютеріңіздің фонындағы суретті алып тастасаңыз және онда тек word құжаттар қойсаңыз көрген адамның сіз туралы ойы өзгере бастайды. Сіз мұныңызбен жұмыста өте маңызды қызметкер екеніңізді көрсетесіз. Ал кейбір жалқау қызметкерлер жұмыс барысында түскі ас ішеді. Оның еріншектігі басшысының алдында аса маңыздылық пен пысықтығы болып көрінеді.
Клавиатура даусы Аноним Бірде жұмыс кезінде мен роман жазып шықтым. Бірақ оны ешкім де білмей қалды. Себебі мен аузымнан суым құрып клавиатура үстінде дедектеп отырдым. |
P.S. Қызығы қызық, бірақ мұндай жұмысшыларға ескерту жасалуы керек, ал егер бұдан да өзге қулықтарын асырып жатса, арамтамақтың сізге дымға да керегі жоқ. Құпиялар ашылды...
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: medvesti.com
А. Құлтай