Жалғыздықтан шаршаған бойжеткен өзіне жігіт іздейді. Бірақ оның таңдауы шынайы емес, идеал. Ал өмірде идеал адамның болуы мүмкін бе?!
Қысқа ғана метраждалған бұл мультфильмнен көретініңіз – қазіргі қоғамдағы көрініс. Компьютербасты жарты адам болып кеткен қоғамдағы қыз жігітті әлеуметтік желі арқылы сабыла іздеп, оған тапсырыс беруі тіпті қызық. Көріп шығыңыз. Ең дұрыс таңдау – сізді түсінетін адам.