Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап алпарысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере есін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында ырылдасып, таласып кеп жататын. Атасы үйдегі уақытында көзін алмай қарайтын да отыратын.
Немересі: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен, үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал неге біреуі ақ, екіншісі қара?» деп сұрады атасынан.
Шал немересіне күлімдеп қарады да: «Ол иттерім, - деді – мен үшін екі таңба, балам»
«Ненің таңбасы?»
«Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттерге ұқсап, ішімізде жақсылық пен жамандық күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын».
Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп: «Қалай ойлайсыз, осы күресте қайсысы жеңіп шығады екен?»
Атасы балаға тағы күлімдей қарады: «Қайсысы дейсің бе, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем – сол!» деді.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: rssing.com