Жақсы дос болу үшін... #2

Жақсы дос болу үшін... #2

Жақсы дос, лайықты жолдас болудың құпияларымен бөлісуді жалғастырамыз. Сонымен достықтың іргесі дұрыс қалану үшін не істеу керек?

Басы...

Адамдарды босатуды да үйреніңіз. Кейде адамдардың қарым-қатынасы, өкінішке орай, уақытша ғана болып жатады. Олар өздеріне керегін сізден тауып есін жинағанша ғана дос болады. Оған махаббат, жанашырлық немесе қолдау жетіспеген болар, мүмкін? Мұның соңы қарым-қатынастың аяқталуына алып келеді. Мұндай жағдайларды бірден жүрекке алмай көндігіп, оны уақытында жіберуді үйреніңіз. Демек оның өмір тарихы сіздің өмір жолыңызда соңына жеткен болар?..

Алға қарай ұмтылу үшін кешіруді үйрену керек. Жүрекке жеккөрушілік сезімін жинап алып өмір сүру сондай қиын. Одан құтылыңыз, өйткені мұның сізге берер түк те пайдасы жоқ. Мұндай келеңсіздіктердің сексен пайызға жуығы жүйкеге әсер етумен басталып, физикалық күш қолданумен аяқталып жатады. Бұл ойланарлық жайт. Сізге ауыр болса да, ренжіткен адамыңызды кешіруді үйреніңіз. Тым болмаса өз денсаулығыңыз бен жүйкеңіздің тыныштығы үшін солай етіңіз.

Достардың санына емес, сапасына мән беріңіз. Өз-өзіңізге сұрақ қойыңыз: Достарыңыздың ішінде сізге қайсысы ең жақыны? Жүздеген адамның бәріне жақсы дос болу мүмкін емес, әрине. Өз жаныңызда жағдайға қарай тонын өзгертіп шығатын адамдарды ары ысыруды үйреніңіз.

Не ойлағаныңызды айтудан ұялмаңыз. Жақын адамдарыңыздың сіз туралы бөтен әңгімені ойдан шығарып айтуына жол бермеңіз. Шыншыл болыңыз! Айтарыңызды қысқа, әрі нұсқа етіп айтуға тырысыңыз. Егер сіз қатты сөйлейтін болсаңыз, досыңызға барынша жұмсартып жеткізуге тырысыңыз.

Өзіңізге деген қарым-қатынас жайын да ұмытпаңыз. Адам өміріндегі ең қиын, әрі шатасып жататын қарым-қатынас ол – өзіне деген қарым-қатынас. Егер сіз өзіңізге деген қарым-қатынасыңызды түзей алмасаңыз, жоғарыдағы айтқанымыздың бәрі құрдымға кетеді.

Сурет: Асхат Нурекин

Ұқсас жазба:

Жақсы дос болу үшін #1

А. Әбілхан