Достық қарым-қатынас – біздің өміріміздің маңызды бөлігі. Ол тіпті кейде біздің екінші отасымыз секілді рөлді де атқарады. Сондықтан нағыз достық қарым-қатынасты құра алатын адамды тауып, оған лайықты жолдас болу оңай іс емес. Өзіңізге жақсы дос қаласаңыз, өзіңіз де де жақсы дос болуға жарап тұруыңыз керек. Достықтың арасында жағдайға қарау мен қалтаңды аңду қасиеттеріне орын болмауы керек. Біз сіздердің жақсы дос болуларыңыз үшін мына қасиеттерді бойыңызға жинағаныңызды қалаймыз.
Кез келген адаммен қарым-қатынас орнатар да ашық болыңыз. Адамдардың әлеуметтік жағдайы мен дәрежесіне қарамай жөні мен сөзі түзу адамдарды жаныңызға жақын тұтып үйреніңіз. Ешкімді бөле жармай, ортақ қарым-қатынас орната алуға ебіңіз барын көресетіңіз.
Тыңдауды және тыңдатуды үйреніңіз. Достарыңыз әңгіме айтса орнымен тыңдап, өзіңіз сөйлегенде оларды да тыңдата алуыңыз керек. Олар сөйлегенде алдымен жақсылап тыңдап алуға дағдыланыңыз. Содан соң ғана түсінбегеніңізді сұрауыңызға болады. Олардың әңгімесін бет алды сынап, салыстырып, мазақ етуді әдетке айналдырмағаныңыз дұрыс.
Өзіңізге тілегенді оларға да тілеңіз. Өйткені бәрі де жақсылық пен бақыттан дәмелі. Өзіңізде болсын дегеннің бәрін досыңызда да болса достықтың арасында күншілдік деген жаман ит жүрмейтін болады. Егер адалдылықты қаласаңыз, өзіңіз де адал болыңыз. Ал егер жақсы көріп, сыйлағанын қаласаңыз, өзіңіз де сөйтіңіз.
Үнемі қолдау жасап, жақсы сөз айтыңыз. Сіздің аузыңыздан шығатын мақтау сөз тыңдаушының құлағына майдай жағады. Жақын адамыңның қолдап демегені – жанға жағатын нәрсе.
Перфекционист болудың қажеті жоқ. Адамдардың бойында жақсы да, жаман да қасиеттері болады. Өз кемшіліктеріңізді ғана емес, досыңыздың да кемшіліктерін жақсы көре біліңіз.
Жалғасы бар...
Сурет: Денис Ким
Ұқсас жазба:
Балалы болған жігіттің он сипаты