- Негізгі бет
- Психология
- Жақсы әйел 5...
Жақсы әйел 5 нәрсені жасамайды
Жақсы әйел. Бұл сөзді айтушылар да, армандаушылар да көп. Тіпті «жақсы әйел мынадай болуы керек, анадай болуы керек» деп ақыл айтушылар да табыла кетеді. Расында, жақсы әйел қандай болуы керек? Әрине, бұл сұраққа мың сан жауап бар. Алайда әр адам қайталанбас тұлға екені мәлім.
Кез келген адамның жақсы тұстарымен қатар кемшіліктерінің де болуы заңды. Отбасының беріктігі де сол екі жанның мінез-құлқына байланысты, әсіресе әйел затының. Сол себепті «сүйікті жар, сыйлы келін, аяулы ана» атанып, шырағыңыздың берік болуына септігін тигізер келесі кеңестерді ұсынамыз. Сонымен жақсы әйел:
1. «Ызыңдамайды». Күйеуіне әрдайым жекіп, ұрсып, «ызыңдай» беретін әйелден еркек «қашады». Үнемі құлақтың етін жей беретін әйелдер еркекті мезі етеді. Сонда тіпті кейбір еркектер қатыгездік танытып, қол көтеруге дейін барады. Ара қатынастары суиды.
2. Шағым жасамайды. Күйеуіне «сен сондайсың» деп мін тағып, күңірене беретін әйелден де ер адамның көңілі қалып «ей, қойшы, саған ешқашан жақпайсың» деп қолын бір-ақ сілтейді.
3. Өсек айтпайды. Әйел затының өздері оңаша қалғанда болған жайларды бүге-шігесіне дейін тәптіштеп отырып өсек айтқанды ұнататыны бар. Жарыңызды өзгелерге жамандап абырой таппайсыз. Мұны білген күйеуіңіздің сағы сынып, сізге деген сезімі салқындап кетуі мүмкін.
4. Құрметсіздік танытпайды. Ер адам ең алдымен әйелінің өзін сыйлағанын қалайды. Олардың түсінігінде «сыйлайды, демек мені жақсы көреді» деген қағида қалыптасқан. Сыйластық оның пікірін бағалау, ақылын тыңдау, сөйлеп жатқанда сөзін бөлмеу, маңызды шешім қабылдағанда еріңіздің пікірін бірінші орынға қою деген сөз.
5. Өзгелерді күйеуінен жоғарғы орынға қоймайды. Ер кісі отбасының басшысы, сондықтан әйел «отағасы» деген сөзді жадында мықтап ұстауы тиіс. Әйелдің достарын, карьераны, туыстарын күйеуінен артық көруінен үйде түсініспеушіліктер, ұрыс-керіс басталады. Кез келген ер адамға жылы жүзді, жайдары, мейірімді, қолы ашық, ерінің айтқанын тыңдай отырып ақылшысы әрі сырласы бола білетін әйелдер ұнайтынын естен шығармаңыз.
Дереккөз: jastar.kz
@. @assel_assanova