- Негізгі бет
- Психология
- Жағымсыз қасиеттер: түйіндемеге...
Жағымсыз қасиеттер: түйіндемеге не жазамын?
Жердегі адамдарың барлығына өзіне ғана тән қасиеттер бар. Оларды айналасына тигізер пайдасы мен зиянына қарай отырып кемшіліктер мен тартымды қасиеттер бөліміне жіктейміз.
Өсу және өзіңді-өзің жеңе білу тек адамның ерік-жігерімен ғана байланысты. Кей жақсы қасиеттердің өзі адамның өмір сүру қағидасына әсер етіп, оның мәнін құртуы мүмкін. Яғни, жақсы қасиеттердің барлығы жетістік емес, жаман қасиеттердің барлығы кемшілік емес деген тұжырымға тоқталамыз. Егер де, ойыңыздағы өзіңіздің қасиетіңіз өміріңізге кедергі келтіріп жатса, оны өзгерту керек екенін ұққайсыз:
1. Кемшілгіңізді табыңыз. Оны іздеудің де қажеті жоқ. Өйткені, адамдар өздерін кері тартатын қасиеттерін жақсы біледі.
2. Әдейі кемшілікті іздемеңіз. Егер оны түзетуге тырыспасаңыз, оны іздеуді ойға алмаңыз. Кейбір адамдар үшін зәбір көрушінің рөлін сомдау оңай. Олар өз бойындағы жағымсыз қасиеттерге шағымданып қана қояды.
3. Кемшілігіңізді білгенмен, оны мойындау қиынға соғады. Сондықтан, мойындаңыз және өзіңіздің сол болмысыңызды қабылдауға тырысыңыз. Айналаңыздағы адамдарды да түземеңіз.
4. Ойыңызды бақылауда ұстаңыз. Басында, әрине, ойыды бақылау қиынға соғады. Бірақ, үйренсеңіз, керек емес ойлардан дер кезінде құтылатын керемет күшке ие боласыз.
5. Кемшілігіңіздің барлығын жойып жібере алатындай жағымды қасиетіңізді табыңыз. Оны жетілдіру үшін жұмыстаныңыз.
6. Өзіңізді ақтауды доғарыңыз.
Кей жұмыс берушілер түйіндемеде жағымсыз қасиеттеріңзді атап көрсетуді сұрайды. Сол уақытта ақылды шешім қабылдағаныңыз дұрыс.
Мысалы, жоғарыда атап өткеніміздей кейбір жағымды қасиеттер адам үшін қиындықтар тудыруы мүмкін. Мысалы, жомарттық. Бұл – ең асыл қасиеттер қатарында. Бірақ, жомарт адам бұл қасиетін жақсы деп есептемейді. Өйткені, оның «жоқ» деп айтуға қауқарсыздығы оның талай жоспарын талқандаған еді. Енді түйіндемеде адамдар жақсы деп қабылдайтын, бірақ, өзіңіз үшін кемшілік болатын қасиеттерді жазыңыз.
– Ашықтық;
– Тік мінез: адамға ойыңызды тура айту;
– Жайбасарлық;
– Ұсақ-түйекке дейін мән беру;
– Қарсылық білдіре алмау;
– Адамның қолын қайтармау;
– Шектен тыс энергияның көп болуы, бір орында отыра алмау;
Міне, мына қасиеттер бір жағынан адам үшін тартымды болуы мүмкін, бір жағынан кемшіліктер қатарына да енеді.
Бірақ, ешқашан түйіндемеде: еріншектік, кешігу мен ақшаға деген зор махаббатты көрсетпеңіз. Жұмыс берушіден айырылып қалуыңыз әбден мүмкін.