Когда так много позадивсего, в особенности - горя,поддержки чьей-нибудь не жди,сядь в поезд, высадись у моря. И.Бродский Көптеген адамдар бос уақытын табиғат аясында өткізуді ұнатады. Әсіресе, жылы жақта, теңіз жағалауында болу оң нәтижесін беріп жатады. Бұл демалыс қана емес, сондай-ақ, психологиялық денсаулыққа да пайдалы болып шықты. Арнайы зерттеулер нәтижесінде ғалымдар осындай тұжырымға келіп отыр. Теңіздегі демалыстың адамға жағымды әсер етуінің бірқатар факторлары бар. Олар: толқындардың сиқырлы шуы, теңіз бризі мен су түсінің миға гипнозды әсер етуі. Теңіз жағалауында уақыт өткізу стрессті азайтады, шығармашылық ойлауды дамытады және басқа іс-әрекеттерге қарағанда әлдеқайда тұрақты психологиялық жағдайға жетуге көмектеседі. Сондай-ақ, ғалымдар бұл депрессияға қарсы күресуге көмектесетінін және өмірлік көзқарастарды оң бағытта өзгертуге ықпал ететінін айтты. Келесі жолы демалысыңызды жоспарлаған кезде осы деректер есіңізде болсын.